Туған күніңмен Рысбек!
блог
Сәлем достар!
Ертең менің Рысбек атты ең жақын досымның туған күні (18 - жас)! Рысбек өміріңдегі ең қуанышты сәт туған күніңмен шын жүрегіммен құттықтаймын!
Тілеймін бұл өмірде бақыт саған,
Тілеймін талмас қанат, асқақ арман.
Мәртебең биік болып әрқашанда
Көрейін сені достым заңғарлардан!
Рысбек менің досым, сырласым әрі группаласым, ол ашық жарқын жүзді, ақкөңіл, адамгершілігі мол жан. Әрқашанда көмек қолын созуға дайын тұрады!!!
Туған күн ерекше күн әрбір жанға
Жан досымды асықтым мен құттықтауға
Бар бақытты тіледім бір өзіңе
Армандарың орындалсын бұл өмірде
Денсаулығың мықты боп әрқашанда
Жүре берші жадырап ортамызда
Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!!!
Рысбек сені шын жүректен құттықтай отырып, саған денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін! Өмірде кездесетін сан қилы қиындықтарды ақылмен, сабырлықпен жеңе біл. аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты, қуанышты күндері көп болсын! Аңсаған арманыңа жет! Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысатын қалам көп, аспаның ашық болсын, сүйгенің бір өзіңе ғашық болсын!