Туған күніңмен, Наз!

Туған күніңмен, Наз!
жеке
блог

Массагет ауылы күннен-күнге кеңейіп келеді. Жұрт пернетақтасын арқалап осы ауылға көшіп келіп жатыр ) Ал ең басынан бері келе жатқан (Тіпті сонау онкз-тен бері) ең алғашқы тұрғындардың орны мүлдем ерекше. Сондай бір алғашқы тұрғындардың бірегейі Массагетте өз орны бар аяулы Назеркенің туған күні! Туған күні өтіп кетсе де, қазақ жақсылықтың ерте кеші жоқ дейді. Сондықтан мен үшін де орны бөлек, болмысы ерек Назеркені туған күнімен құттықтағым келеді!

Назерке көңілі гүлдей нәзік,

ақынжанды, сыршыл,

ортасын жарқыратып жүретін,

пейілі ақ қардай кіршіксіз жан... 

Ұнаса да, ұнамаса да, бірден бетіне ашып айтатын қайсар, өр мінезі де бар. Мен Назерке өмірдің ірілі-ұсақты қиындықтарын да осындай қайсарлықпен қабылдай алады деп білемін.

Осы күні мен Назеркеге дүйім дүниенің бар бақытын тілеймін. Бар арманың жүзеге асып, өмірден қалағаныңды алуыңа тілектеспін. Мен сені қатты жақсы көремін! Осыны ұмытпа! :)