Оралдан кімдер өтпеді,
Оралда кімдер болмаған,
Мұнда Пушкин, Толстой,
Сұлу Сәкен де тоқтаған,
Мейіргүл де де басты бұл жерді,
Ол да жүрді көшеңмен,
Жайығы жайлап ағатын,
Туған елі, туып-өскен жері ол...
Кеше Оралдық ару-қыз — Мейіргүл төл мерекесін, яғни туған күнің тойлап өтті. (Кешірерсін, Мейіргүл кешіктіріп жарияланған жазба үшін)
Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін Өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол!
Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол!
Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын!
Кіршіксіз таза махаббат тілей отырып, мына өленді арнаймын:
Байқамайды екенбіз,
Бақыт деген екеуміз.
Аяқ та екеу,
Қол да екеу,
Көз жанарың ол да екеу.
Екеу қас та, құлақ та,
Жүрек жалғыз бірақ та.
Сондықтан да сол жүрек
Елегізіп, елжіреп,
Естісем деп лебізін
Аңсайды екен егізін.
Мына өмірде сен де өз сыңарыңды, егізіңді табуына тілектестеспін!