Мейіргүл, жоғарыдағы суретің менің фотогалереямның бір бұрышынан орын алыпты. Сурет ақтарып отырып көзіме ілінген сенің бұл суретің әдемі естелігі бар күндерге ілестіріп әкетті. Иә, біз танысқалы да екі жылдан асыпты. Алдымен, виртуал, бертін келе бір дастархан басында шүйіркелесуіміз сол кездердің тәтті естелігі, шыным! Қарап отырып, жүрегімді бір сағыныш кернеді, сосын көсіліп болмаса да, жүрегіммен жазғым келді...
Бүгін Құрбан айтта адамдарға іштей тілеулес болып, Жаратқаннан көп тілек тіледім. Сол тілекші адамдардың ішінде Өзіңнің де орның бар екенін жеткізе отырып, қасиетті күнмен келген туған күніңмен құттықтаймын!
Жалпы Алланың жарық дүниенің қызығына бөленіп, несібемізді теріп жеуге үйіп-төгіп берген денсаулығын бағалай білші! Ал, абыройыңды асқақтатуға ақылың жететін өжет екеніңді ешкім жоққа шығара қоймас. Туған күніңмен! Тілектерің қабыл болсын!
Аман жүріңдер, қыздар!