Туған күніңмен Массагет!

Құрметті Массагеттіктер!

Сіздерді 1 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймын!

 

Массагет құтты болсын туған күнің!

1 жасқа тәй-тәй басып толған күнің!

Ұжымға Массагеттің шын жүректен

Тілеймін мен биіктен тек көрінуден!

 

Бүгінгі күні Массагеттей сайттың ашылғанына әрине қуаныштымын! Бұның бәрі әрине Тәуелсіздігіміздің арқасында!

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген жылы мен 21 жастағы, Целиноград қаласы С.Сейфуллин атындағы педагогикалық институттың студенті едім. 1990 жылдары Целиноград қаласы атауын Ақмолаға ауыстыру туралы мәселе көтеруде ат салысқан жастардың біріміз (архивте қол қойған қағаздар жатқан шығар). Сол кездегі студенттер бақа қаладағы студенттермен тығыз, қатты араласатын. Қарағанды, Көкшетау қалаларындағы студенттер де осы мәселеге ат салысып жатты, әсіресе Қарағандылық жастар. Құдай-ау , жастық қой, ештеңеден қорықпайтынбыз, қалтамызда сол кездегі 2-3 теңге ақшамыз болса, ортаға лақтырамыз да басқа қалаларға қыдырып кетіп қалатынбыз, тіпті курстастарым Шымкент, Қызылордаға дейін шығып кеткен.... Сол кездегі адамдардың пейілдерінің кеңдігі, барған студенттерді құшақ жая қарсы алатын. Есіме түсіп кетіп, тоқтай алмай қалдым ғой))))...

Әрине, қазіргі жастар шет ел асып жатыр, мына кісі несіне еліміздің қалаларын аралағанға мақтанып отыр деп ойлап қалуларың мүмкін))))

Мектепті бітірген кезде қайда оқуға барарымызды білмей қалдық, себебі солтүстік өңірде қазақша оқу орындары жоқ еді, емтиханды қазақ тілінде тапсырып, орысша оқитынбыз.Тәуелсіздіктің арқасында қазақша топтар ашылды, қазақ тілінде КВН-дерге қатысып жүрдік....

Міне бүгін Массагетті құттықтайын деп, көз алдымнан біраз дүниелер елестеп өтті...

 

Елімнің жастары ай!

Ешқашанда қайталанбасыншы бастан кешірген қиындықтар...

Тек Сіздердің жүздеріңізден күлкі кетпей..

Еліміз бақытты, халқымыз аман-есен болсыншы!

 

Массагеттіктер, қуаныштарын құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін, ұзағынан!

 



Бөлісу: