Туған күніңмен, Дариға!

Сәлем, достар!

Бүгін біздің топ үшін ерекше күндердің бірі. Себебі, дәл осы күні дүние есігін аяулы құрбымыз Дариға ашқан еді.


Дариға бойына қазақ қызына тән иба мен инабаттылықты, сұлулық пен сымбаттылықты, сабырлық пен ұстамдылықты сіңірген жан. Наз қылықты, көркем мінезді Дариға құрбымызға шын жүректен зор бақыт, мықты денсаулық, мол шаттық тілейміз. Арайлап атқан әрбір таң өзіңе қуанышы мен игілігін ала келсін! Сүйгеніңнің сүйіктісі, халқыңның ардақты қызы болып жүре бер!

Өнер атты әлемді қобыз сазымен тербетіп жүрген өзіңе Тәңір бесік тербетуге нәсіп етсін!

Бақытты бол, Дариға! Туған күніңмен, құрбыжан!

Ізгі тілекпен, Ардақ пен Назым




Бөлісу: