Туған күнде ойлаған армандар орындалады...

   Есік ашылып,қолында үлкен плакаты бар бойжеткен бөлмеге енді.Қабырғаға жақын орналасқан диванға отырып,қолындағысын жапсыра бастады...

   Айнель енді қайта келмейтін плакаттағы әкесі мен анасының күлімдеген жүздеріне қараған сайын көзіне еріксіз жас үйіріліп,ішқұса болып жылаудан басқа амал таппайды...

   Туыстарының үйінде тұрып жатырған Жанель екеуінің ата-анасы осыдан 7-8 жыл бұрын көз жұмған...Біршама уақыт өтседе сіңілісі Жанельдің 3 жасқа толған туған күнінде орын алған қайғылы оқиға Айнельдің есінде ап-айқын тұр...Айнель 10 жаста болатын.Жас балақандар өмірдің ащысы мен тұщысын сезбей жатып,көздерінен жас тамбастан ата-анасын қара жер құшағына берді...

Бүгін қаңтардың 16-сы.Жанельдің туылған күні..Дәл осы күні ата-анасынан айырылғанын білмейтін бүлдіршін 11 жасқа толып жатыр,өте қуанышты еді.

   Айнель Жнельді құттықтау үшін мектептен алып қайтпақ болды.Жол бойы көңілді отырды.(көлікте)

  -Жанельяя...анау қорапты ашшы,не бар көрейік?-деп күлімдеген әпкесіне жауап ретінде Жанель қорапты асыға аша бастады:

  -Айй,қандай сүйкімдіі..бұл менікі ме?Менің қонжығым ғой ия?-деп қуанып әпкесін қатты құшақтап алды.

Бір мезетте Жанельдің көзі мөлтілдеген жасқа толып:

 -Әпке,туған күнімде ойлаған армандарым орындалады ғой ия?Ондаа...Апам мен әкем де қасымда болса ғой!Қандай бақыт!Ең болмаса әкемді бір көріп,анамның жылы құшағына еніп мауқымды басып алсам ғой!-деген бала жүрегі лүпілдей соқты.

  Бір мезет..құлақты шыңылдатып,төбеден ұрғандай бір нәрсе гүрс етті...жол апаты...қайталанып жатыр...

 Айнель көзін ашты.Қақаған қыста көзінен еріксіз шыққан жас екі бетін қыздырып барады.Шекесі кішкене жарылған екен.Топ болып жиналып қалған адамдар дауыса Айнельдің басын мең-зең қылып құлаққа ұрды.Айналаға далақтап қарап

-Ботам,ботам Жанелья-деп шарқ ұрған дыбыс Жанельді іздеді.Әріректе,еш қимылсыз жатырған сіңілісін көргенде есі шыға жаздады.Қасына барып,құшақтап , мына қақаған қыстың аязынан жылытқысы келді.Жанелдің қасына енді жете бергенде бар әл-дәрмені құрып,үстінен таспен басқандай ауыр денесі жерге сұлқ құлады.Екі көзден жас парлап,еңбектеп келіп,Жанельді тұрғызбақ болды:

  -Ботам,Жанельям саған не болды?Тұрсаңшы!Әлде ұйқың келді ме?Жүрші үйге барайық...Жанель?!Қалжыңың ба?!Жоқ!!Сенде мені тастап кетпекпісің?!Енді мен қалай өмір сүремін?!Мені жалғыз тастамашы!

   Осы күн Айнельдін жүрегінде ақ қар бетіне тамған қызыл қандай қайғылы да қасіретті дақ қалдырған еді.

 

P.S:Сәлеметсіздерме массагеттіктер!!Бұл менің алғашқы жазбам...Пікірлеріңізді қалдырыңыздар?)



Бөлісу: