1982 жыл… 11 ақпан. КСРО дәуірлеп тұрған кезен.
Қыстың қақайған аязында, Ақтөбе қаласында
жарық дүниеге іңгәләп сәби келді. Шыр етіп дүниеге келген сәби бейсенбі күні, Суқұйғыш жұлдызының белгісінде туылған еді.
Енді міне, балалық шағы Ақтөбенің Ойыл ауданының орталығында өткен,
Н.К. Крупская орта мектебінде білім алған,
… бала кезіннен «активный» болған, шығарманы сұмдық жазған, тоғызқұмалақтан сайыстарға қатысқан, жасынан өлең шығарған, достары көп, етті менсінбейтін,
«Сексуальный террорист» атағын алған,
… футбол жанкүйері,
… еліміздің берекелі болуын тілеген, халқына адал қызмет етейін деген ниеті бар, жеке өмірін қажетсіз деп санаған, оны отқа жаққан,
… мемлекеттік саясатты насихаттап, ұйыған халықтың берекесін сақтауды, елдің бірлігін іріткіден қорғап, жақсы өмірді дәріптейтін журналистиканың өкілі, «Алаш айнасы» газетінің тілшісі,
… студент кезінде Roxette, А-ha, The Cranberries, U2,Travis ,Gorillaz топтарын сүйіп тыңдаған, барлық жерде де көшбасшы болуға тырысатын амбициозный Ботик, яғни Болатбек, бүгін 30 жасқа толып отыр.
Бүгін сенің туылған күнің – төл мерекең, қуанышың. Болатбек, мен сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге Мassaget -ке келіп отырмын.
Отызға толдың
Артта қап балдырған шақ, балауса күн,
Отызың құшақ ашты – алау шағың.
Ашып өмір есігін нұрланды күн,
Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін.
Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар,
Құтты болсын, Болатбек, туған күнің!
Өмір саған жылы сезім арнасын
Қайғы мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әр қашан
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.
Жылдарың жемісті
Айларың арайлы
Күндерің көңілді
Сағаттарың сәтті
Минуттарың мәнді болсын!
Таусылмас бақыт!
Ләззатты уақыт!
Арманның ажарын!
Бақыттың самалын!
Өзендей өмір!
Көлдей көңіл!
Құдайдан шапағат!
Тұрақты махаббат!
Алладан амандық!
Зор денсаулық!
Мол бақыт!
Керемет келешек!
Бақытты болашақ!
Ғажайып өмір!
Өшпес ғұмыр!
Күлкілі күндер!
Көңілді кештер!
Тамаша түндер!
Тілеймін болашағың жарық болсын!
Әр кезде жас жүрек жырға толсын!
Алдағы арманың орындалып,
Басыңа бітпес дәулет, бақыт қонсын!
Жүрегің таза болсын, ақ болсын,
Көңілің көтеріңкі, шат болсын.
Достарың одан ары көбейіп,
Басыңа таусылмайтын бақ қонсын.
Болатбектің төл мерекесі құрметіне мемлекет басшысы Н.Назарбаев сонау Астанадан Алматыға келіп, салтанатты жиын өткізді. Жиналған зиялы қауым өкілдері мен қоғамның қаймағы (келгендердің қатарында Барак Обама
және Ресей президенті Д.Медведев те болды)
Олар Болатбекті 30 жасқа толу мерейтойымен құттықтады. Қаншама тілектер айтылды… би биленді…
Нұрсұлтан ағамыз Болатбекке арнап, домбыраның сүйемелдеуімен ән де шырқады.
Д.Медведев Болатбекке 1000 $ көлемінде сый-ақы беруге Н.Назарбаевқа ұсыныс жасады.
Құттықтаудың соңы Мәскеу қаласында мерекелік от шашуға ұласты. Тура 30 рет фейерверк атылды.
Ал мына тортты саған тарту етемін, туған күніңе. (Өзім әзірледім