Туған күн

Туған күн
жеке
блог

Туған күн

Пьеса

(бір бөлімді отбасылық драма)

Қатынасушылар:
Ләззат - 19 жаста, студент
Оразгүл - 44 жаста, Ләззаттың анасы, мектеп есепшісі
Нұрмаханбет - 46 жаста, Ләззаттың әкесі, профессор
Аймира - 45 жаста, Оразгүлдің құрбысы
Қаламқас - 42 жаста, көрші
Бағила - 19  жаста, Ләззаттың құрбысы
Ажар - студент, Қаламқастың қызы
Асылбек - мектеп оқушысы.

1-көрініс
Ләззаттың үйі және оның бөлмесі. Айна, диван-кресло, үстел, орындық, терезе алдындағы әдемі гүлдер, аквариум. 
Жалғыз өзі отырған Ләззат (өзіне) 
ЛӘЗЗАТ. Уф, әбден сабақ оқып шаршадым. Енді бір ғажайып бөлмемде тыныш демалып алайыншы.(жатып біраз ойланады) Неткен керемет  үйім! Қып-қызыл гүлдер, жапырақтар, балықтар Менің бөлмемнің осындай болуының себебі, ботаника саласында оқуымның арқасында. Біздің үй ешкімде жоқ секілді. Жоқ, біздің үй осы дүниенің, Алматының үш бөлмелі керемет шаңырағы. Кейде осыны ойласам өзімді бақытты сезінемін. Онсызда бақыттымын ғой ( деп, ұйықтап кетеді) (Біраз уақыт өткен соң, әкесі Нұрмағанбет үйге кіріп келеді. Сондай қуанышты) (есік тарс жабылған соң Ләззат оянып кетеді)

НҰРМАХАНБЕТ. ( ұзынша дәліздің бойында) Қызым. Қызым-ау. Бері келші. Саған айтар қуанышты жаңалығым бар. (біраз үнсіздіктен соң) Ау! Лашын. Естимісің өзің. Менен қуанышымды күтпесің бе?  (бөлмеден ұйқысырап Ләззат шығады)

ЛӘЗЗАТ. Әке-ау, не боп қалды?

НҰРМАХАНБЕТ. Неге бөлмеңнен шықпайсың? Сонда менің жаңалығымді білгін келмей ме қызым?

ЛӘЗЗАТ. Жоғ-а, әке. Жаңа оқудан шаршап келдім. Содан ұйықтап кетіппін.

НҰРМАХАНБЕТ. Ләззатымау, қызым. Сенің бүйтіп шаршағаныңды көрмеппін. Қатты шаршапсың. Менің қызымды шаршатқан кім екен-а? Сазайын тартқызайын.

ЛӘЗЗАТ. Ой, әке. Оқу ғой шаршатқан. Шамасы бір сөзбен айтқанда «ботаника». Ылғи практикалық жұмыс. Уф, ертең тағы оқу.  

НҰРМАХАНБЕТ. Жоқ, қызым. Ертең сабаққа барма қой. Тым болмаса бір күн демалсайшы.  

ЛӘЗЗАТ. Әке, сіз не деп тұрсыз. Бір күн қалсам кешірмейді. Тіпті оқудан шығарып жіберуі мүмкін. 

НҰРМАХАНБЕТ. (күліп) Қызым-ау. Сен оқу-оқу деп бәрін ұмытып кетіпсің ғой, қарағым. 

ЛӘЗЗАТ. Түк, түсінсем бұйырмасын. Мен нені ұмытыппын әке?

НҰРМАХАНБЕТЛәззат, ертең туған күнің, сенің 20  жасқа толуың. Сол үшін мен са ған бір күн демалыс беріп жатырмын ғой. Неге түсінбейсің. Әлде ұмыттың ба?          

ЛӘЗЗАТ. Қап, адам туған күнің ұмытама екен! Ой әкешім-ау. Сіз ұмытпаған екенсіз ғой. Мен сізді сондай жақсы көремін. Егер сіз ұмытқанда мен 20 жасымды тойламай өткізіп жіберетін едім.  

НҰРМАХАНБЕТ. Ол не дегенің қызым. Сенің туған күніңді неге ұмытар екенмін. Ешқашан ұмытпаймын. (Сырттан анасы Оразгүл кіріп келеді)

ОРАЗГҮЛ. Сендер мұнда не істеп тұрсыңдар?

НҰРМАХАНБЕТ. Мен ертең Ләззатқа бір күн демалыс бермекшімін.

ОРАЗГҮЛ. Иә-иә дұрыс жасаған екенсің. Онсызда күнде шаршап жүр. Бірақ сен бұрын бұлай істемеуші едің ғой Нұреке.

НҰРМАХАНБЕТ. Ой, осы седердің есте сақтау қабілеттерің төмендеп кеткен ғой. Мына қызым да ұмытқан, сенде солай. 

ОРАЗГҮЛ. Сендерге бүгін не болған? Ұмыт болған нәрсе не? 

ЛӘЗЗАТ. Анашым, ертең менің туған күнім. 20 жасқа толамын. Әкем соны айтып жатыр. Мен де ұмытып, әкем есіме түсірді.

ОРАЗГҮЛ. Ой ертең Ләззатымның туған күні екен ғой. Қалай ұмыттым! (деп Ләззаттың бетінен сүйіп қояды)  Ау, Нұреке қызымның туған күні қалай есіңде?

НҰРМАХАНБЕТ. Мен қызымның туған күнін ешқашан ұмытқан емеспін. 

ОРАЗГҰЛ. Қойшы распа? Менің айтқан нәрселерімді бірден ұмытасың ғой. Ай, осы жасымыз ұлғайған сайын ұмытшақ болып барамыз. Шамасы қартайған шығармыз.

ЛӘЗЗАТ. Олай демеңізші, апа. Ешқашан қартайдым деп айтуға болмайды. Ол адамның миына күшті «код» болып еніп, кәрілікті тез келтіреді.   

НҰРБАХАНБЕТ. Солай ма? Осы қызымыздың білмейтіні жоқ.

Ләззат. Ой, неге бұл жерде тұрып қалдық. Ішке кірейікші.

Нұрмаханбет. Иә-иә бұл жерде сөйлескеніміз тура бір сағаттай болған шығар.

ЛӘЗЗАТ. Иә әке, солай. Тіпті шаршағанымда басылып кетті.   (Үшеуі дәліздің арғы беттегі бөлмеге кіріп, біраз әңгімелеседі)

ОРАЗГҮЛ. Ал, ертең қызымыздың туған күнінде не істейміз?   Бір жерде яғни мейрамханада  отырамыз ба әлде қонақтарға дастарқан жаямыз ба?

НҰРЕКЕ.Қызым,қайсысын таңдайсың? Туған күні болатын адам сенсің.

ЛӘЗЗАТ. Жоғ-а ең бастысы сіздер ата-анамсыздар. Осы үйдің үлкені сіздер. Мұны өздеріңіз шешсеңіздер жөн деп ойлаймын.

ОРАЗГҮЛ. Меніңше, туған күнге қонақтарға дастарқан жайған жақсы. Бұл ертеден келе жатқан қазақи салт-дәстүр. Ал қалай ойлайсыңдар?

НҰРЕКЕ. Иә, өте жақсы. Шешең дұрыс айтады Ләззатжан. Осылай істей береміз бе?

ЛӘЗЗАТ. Жарайды, сіздер не айтсаңыздар солай болады.

ОРАЗГҮЛ. Міне біздің қыз сондай тілалғыш, ақылды, әдепті, инабатты қыз. Иншалла қызымыз 20-ға толып, жастан-жасқа, жылдан-жылға көркейе берсін.

ЛӘЗЗАТ. Рахмет анашым, айтқаныңыз келсін! (анасын құшақтап)

НҰРМАХАНБЕТ. Сен біздің жалғыз қызымызсың.

ОРАЗГҮЛ. Иә, егер сен болмасаң біз қайтер едік. А-а айтпақшы Ләззат, сен шай қайната берші. Бүгін тамақ істемей қой. Себебі базардан неше түрлі тәттілер әкелдім. Мен киімімді алмастырайын.

ЛӘЗЗАТ. Жарайды, апа. (асханадан шығып кетеді)

НҰРЕКЕ. Ал мен шай дайын болам дегенше теледидар көре тұрайын.(қонақ бөлмеге кіреді)

ЛӘЗЗАТ. Ой ұмытып барады екенмін. Апа, әке қандай шай ішесіздер? Қара шай ма я сүт шайма?

ОРАЗГҮЛ. Сенің қолыңнан у болса да ішеміз, қызым-ау.

ЛӘЗЗАТ. (күліп) Түү, қойыңызшы әзілдемей апа. Онда сүт шай жасайын. Сен шайды жақсы дайындайсың ғой.

НҰРЕКЕ. Оразгүл, сағат қанша болды.(деп қонақбөлмеден)

ОРАЗГҮЛ.(сағатқа қарап) Сағат алтыдан  43 кетті.

НҰРЕКЕ. Онда шай ішетін уақыт келіпті ғой.

ЛӘЗЗАТ. Иә әкешім, шай дайын болды. Дастарқанға келіңіздер. (Бәрі асханаға келіп, үстелге отырды.)

ОРАЗГҮЛ. Ертең туған күнді қалай істейміз, түсте ме әлде кешкісін бе?

НҰРЕКЕ. Меніңше, Ораз, түсте шақырсақ қайтеді. Түсте келіп кешкісін қайтады.

ОРАЗГҮЛ. Жарайды, Нұреке. Онда азық-түліктерді Ләззат алып келсін. (шай ішіп алып)

ЛӘЗЗАТ. Жарайды, сіздер жұмыстан тез келесіздер ғой?

НҰРЕКЕ. Иә-иә, кешікпей келеміз. Ал қандай тамақ істейсіңдер?

ОРАЗГҮЛ. Мен бір жерден есіттім. Туған күнге қонақ шақырғанда, екі тамақ істеген жақсы. Қонақтарды түскі уақытта шақырып, түсте бір тамақ, кешке бір тамақ беріледі. Кешкі тамақ міндетті түрде жеңіл болуы тиіс. Ал қалған бос уақыттарды босқа өткізбей, теледидар көрумен, ойын-сауықпен өткізеді екен.  Кешке қарай мың бұралап билейді. Сөйтіп қонақтар түнге қарай қайтады.

Ләззат. Уаау, неткен керемет.  Мұның табылған ақыл ғой апа. Сіз сондай білгішсіз!

НҰРЕКЕ.Шынымен тамаша екен. Сонда қандай тамақ болады.

Оразгүл. Оны қызымыз айтсын. Ал, Ләззат қандай тамақ істейміз?

Ләззат. Түстікке менің ең сүйікті асым-бесбармақ, ал кешкі асқа арнайы суп.

ОРАЗГҮЛ.Жарайды, қызым. Айтпақшы, салат бар екен ғой. Оны да өзім істеймін. Ал сен базардан жеміс-жидектерді, сусындарды алып кел, жарайма?

ЛӘЗЗАТ.Мақұл, апа. А-а әке ертең таңертең тортқа тапсырыс бересіз ғой.

НҰРЕКЕ. Жарайды, қызым. Әй, біз қандай қонақтарды шақырамыз?

ОРАЗГҮЛ. Ой, ұмытып барады екенбізғой. Менің құрбым-Аймира, көрші-Қаламқас және оның күйеуі т.б.

ЛӘЗЗАТ. Кейін менің құрбым Бағиланы шақырамын.

НҰРЕКЕ. Иә-иә, меніңше, қонақтардың көп болмағаны жақсы, ылғи айқай-шу.

ОРАЗГҮЛ. Иә, онсызда қонақтар аз.

ЛӘЗЗАТ. А-а апа, әке, мен барып сабаққа дайындалайын. Ертең ерте тұрып, университетке барып, сұрануым керек.

НҰРЕКЕ. Иә, қызым бара бер. Мына жерді апаң өзі жинастырады.

ЛӘЗЗАТ. Жарайды, мен онда барайын. (өз бөлмесіне кетеді)

НҰРЕКЕ. Ал, мен барып газет оқи тұрайын. Мына жерді жинастыр.

ОРАЗГҮЛ. Жарайды-жарайды, жинаймын ғой. (ол да өз бөлмесіне кетеді)( Арадан уақыт өткен соң Аршат дастарханды жинастырып бөлмесіне кетеді. Сөйтіп бәрі асханадан шығып кетеді. Үй іші тыныштыққа орнайды.)

Бірінші көріністің соңы

2 – көрініс

Таң. Дала жым-жырт әр  салқын. Бүгінгі күн Лашын үшін жаралғандай, үйдің сыртындағы ағаш-жапырақтардың барлығы Ләззаттың бөлмесіне үңіліп тұр. Сағат алтылар шамасында Ләззат елден бұрын оянып, жалма-жан киінді.

ЛӘЗЗАТ. Бүгін шынымен менің туған күнім ба? Сезіп тұрмын, бүгінгі аквариумдағы балықтарды тамақтандырды) Мен қазір таңғы асымды ішіп алайын. Содан кейін оқуға барып сұрануым керек. (деп асханаға барып, кофе салынған стақанға қайнаған суды құйып, ішті де, үйден шығып кетті)

(Арадан 2-3 сағат өткен соң, Ләззат үйіне оралды. Үйге кірсе анасы асханада ас дайындап жатыр екен)

ЛӘЗЗАТ. Апа, сіз жұмысқа бармағансыз ба?

ОРАЗГҮЛ. Иә жаным, бүгін жұмыстан сұрандым. Оның үстіне үйде атқаратын жұмыс көп, тамақ істеп дастарқа істеп дастарқа жаю керек. Қазір 1-2 сағаттан соң қонақтар келеді. Айтпақшы, базарға бардың ба?