Туған күн 2

ЛӘЗЗАТ. Иә, бардым. Жемістер, сусындар, кейін салатқа тағамдар алып келдім.(деп, заттарын үстелге шығара бастады.)
ОРАЗГҮЛ. Жарайсын қызым! Әкең торт алуға кетті. Сен қазір қонақ бөлмеге барып, үстелді дайындап жіберші.
ЛӘЗЗАТ. Жарайды, апа. (деп, кетіп қалады) (біраз уақыт өткен соң әкесі ҰРЕКЕ. Ораз, мен торт алып келдім. Қайда қояйын?
OРАЗГҮЛ. А-а мында әкел. Тоңазытқышқа салу керек. (тортты алып)
НҰРЕКЕ. Мен бөлмеме барып, кішкене демалайын. Қонақ келген соң мені
ОРАЗГҮЛ. Жарайды, сен бара бер. (Нұреке бөлмесіне кетеді)
ЛӘЗЗАТ. Апа, мен үстелді дайындап қойдым. Енді бөлмемді ретке келтіре берейін.
ОРАЗГҮЛ. Иә, Ләззат. Келген қонақтар сенің бөлмеңе кіруі мүмкін.(ол да бөлмесіне кетеді) (Cағат он екілерде ең бірінші болып Оразгүлдің құрбысы Аймира үйге кіріп келеді.)
ОРАЗГҮЛ. (асханадан келіп) О Аймира келіпті ғой. Қалың қалай? (амандасып)
АЙМИРА. Иә, жақсы. Қыздарыңыздың туған күні болсын! Қане Ләззат?
ЛӘЗЗАТ. (бөлмесінен шығып) Cәлеметсізбе, Аймира тәте!
АЙМИРА. Сәлем! Туған күнінмен! (бетінен сүйіп)
ЛӘЗЗАТ. Ой көп-көп рахмет! Ішке кіріңіз.(үшеуі қонақбөлмеге кіреді.)
Арадан бірнеше минуттар өткен соң, көршілері Қаламқас және оның қызы мен ұлы Ажар мен Асылжан да кешікпей келді)
ОРАЗГҮЛ. О кімдер келді десеңші! Ләззат Қаламқас тәтен келді.
ЛӘЗЗАТ. (қуанып) Cәлеметсізбе! Қалайсыз?
ҚАЛАМҚАС. Жақсы, туған күнін құтты болсын!
ЛӘЗЗАТ. Рахмет! О Ажар, Асылбек қалдарың қалай?
АЖАР.Керемет. Туған күнінмен!
ЛӘЗЗАТ. Рахмет! Кіріңіздер ішке тұрып қалдыңыздарғой. Іште қонақ бар.
АЙМИРА. Оразгүл, дастарқанды керемет дайындапсындар.
ОРАЗГҮЛ. Иә, бүгін жұмыстан сұранып, бәрін дайындадым.
ҚАЛАМҚАС. Ләззатше, ол не істеді? Саған жәрдем бермеді ме?

НҰРЕКЕ. Ол тек базардан азық-түліктерді алып келді. Туған күні болғаны үшін ештеңе істетпедік. Туған күнін есіне салған менмін. Ешкім, мына апасы Оразгүл де білмейді.
АЙМИРА. О Нұреке қызын өте жақсы көретін сияқты ғой. Қыз да әкесін жақсы көреді.
ҚАЛАМҚАС. Иә, дұрыс. Қыз әкеге жақын дейді.
НҰРЕКЕ. Иә солай. Мен қызым үшін баринеде дайынмын.
ОРАЗГҮЛ. Қойыңдаршы, мен ше анасымын ғой. Мен де Ләззатты жақсы көремін.
АЙМИРА. (жымиып) Екеулеріңде қыздарыңды жақсы көресіңдер. Ләззат жалғыз қыздарын. Алла сендерге бір қыз нәсіп етті. Бұл да үлкен бақыт емес пе?
Әрі қарай қонақтар қызық оқиғаларды айтып, әңгімелеседі.)
НҰРЕКЕ. Ораз, тамағың пісті ме, әкеле берсеңші. ОРАЗГҮЛ. Иә, пісті. Қазір алып келемін. Әңгіме айтып отырып қалыппын ғой. (асханаға қарай беттеді.) НҰРЕКЕ. Қызым, сен отыра бер. Апаң өзі әкеледі. ЛӘЗЗАТ. Жарайды. Мен онда Ажарға бөлмемді көрсетейін. Ажар, кел бөлмемді көрсетемін. (екеуі бөлмеге кіреді) ЛӘЗЗАТ. Міне менің бөлмем. Міне аквариум, гүлдер, өсімдіктер. АЖАР. Керемет. Әдемі екен. Қашан өзгерттің? ЛӘЗЗАТ. Осы жақында. Бұл негізі өзімнің қалауым болған. Ботаника ғой, менің ботаникада оқуымның арқасында. Әтпесе бөлмем мұндай болмас еді. Айтпақшы әкем бұл бөлмемді табиғат бөлмесі дейді. Жап-жасыл, ормандай бөлмем ғой. (күліп) Ал сен дизайнерлікте оқып жүрсің бе? АЖАР.(қызғанып) Иә, бұл да сенікінен кем емес. Бүйтіп ботаника, табиғат үйім деп мақтанба қой. Ботаник болсан, орманға құрымайсың ба? ЛӘЗЗАТ. Түсінбедім. Сен не деп тұрсың өзі? (ренжіп) АЖАР. Түсінбейтін нәрсе емес. Жақсылап тыңдап ал. Мен жақында оқуды бітірем. Дизайнер болып, менің жаңа трендтерім бүкіл елге тарайды. Сосын Парижге кетем. Ол жерде менің жұмысымды бәрі қолдайды. Сүйіктімді сол жерде табамын да, мансабым көтеріледі. Сен ол кезде табиғат, орман деп қиялға беріліп қаласың. Мені көріп үндемей, тілің байланып қалады. ЛӘЗЗАТ. (сөзін бөліп) Жап аузыңды! Сен деп кеттің өзі? Мен мақтанып тұрған жоқпын. Ана жақта қонақтар болмағанда, айқайлап жіберетін едім! АЖАР. А-а, қане айқайла. Неғып тұрсын, айқайла! Сол кезде қонақтардың барлығы кетеді. Туған күнім бұзылады деп қорқып тұрсың ғой. ЛӘЗЗАТ. Жоғал, менің бөлмемнен кет! АЖАР. Иә-иә, жарайды мен кеттім. Жабысып қал, жап-жасыл бөлмеңе! Көзіне көзәйнек тақсаң, сен нағыз ботаниктің өзі боласын. (күліп шығып кетеді.) ЛӘЗЗАТ. (не істерін білмей, ашуланып, отырып қалады.) Бүгін туған күнімде біреу ренжітеді деп ойламаппын. Енді қайтем, көңіл-күйім де түсіп кетті. Жоқ, өзіңді ұста. Ештеңе болмағандай жүр. Туған күнімнің бұлай көңілсіз өтетініне жол бермеймін. (бөлмесінен шығып кетеді) ОРАЗГҮЛ. Қызым, келе ғой, тамақ дайын болды. О менің сүйкті бесбармағым дайын болды. (дастарқанға отырды) (сәлден соң Ләззаттың құрбысы Бағила үйге келді) ЛӘЗЗАТ. О сәлем Бағила қалайсың? (құшақтасып) БАҒИЛА. Аллаға шүкір жақсы. Туған күніңмен! ЛӘЗЗАТ. Рахмет. Кел кірсеңші. Қонақтар келді. (ішке кіріп қонақтармен сәлемдеседі) ОРАЗГҮЛ. О Ләззаттың құрбысы келді. Неге кешіктің Бағила? БАҒИЛА. Иә, айыпқа бұйырмаңыздар. Уақытым болмай, жұмысым көбейіп кетті. Әрең дегеде келдім. ЛӘЗЗАТ. Ештеңе етпейді жаным. Келсең болды. Әлі уақыт бар. АЙМИРА. Сен қай жерде оқисың, Ләззатпен бірге оқисың ба? Жоқ, мен оқуды бітірдім. Қазір стюардесса болып жұмыс істеймін. ҚАЛАМҚАС. Ого, самалет де! Онда қалай таныстыңдар? ЛӘЗЗАТ. Біз сол ұшақта танысқанбыз. Мен Мадридке ұшқанда, ол стюардесса болып маған қызмет етіп жүрген. Содан араласып, дос болып кеттік. ҚАЛАМҚАС. Ал Мадридке неге барып едің? ЛӘЗЗАТ. Практика бойынша. Бар-жоғы бір аптаға ғана барып қайттым. ҚАЛАМҚАС. Менің қызым да құр-алақан емес. Ол дизайнерлікте оқиды. Жақында Парижге кетеді. АЙМИРА. О жақсы ғой. ОРАЗГҮЛ. Ал тамақтан алыңыздар. (барлығы тамақ жеп бастайды) ҚАЛАМҚАС. (жеп көріп) Ммм, бесбармақты дәмді ғып дайындапсың Оразгүл. ОРАЗГҮЛ. Иа, қызыма арнап дәмді бесбармақ пісірдім. Ол бесбармақты ЛӘЗЗАТ. Бағила, қысылмай тамақ жесеңші. БАҒИЛА.Иә, иә жеймін ғой. (Қонақтар тамақтанып болған соң, Ләззат Бағиланы өз бөлмесіне шақырады.) БАҒИЛА. О неткен керемет бөлме! Ләззат бөлмеңді қашан өзгерттің? ЛӘЗЗАТ. Жақында. Өзгерткеніме көп бола қойған жоқ. Ұнадыма? БАҒИЛА. Әрине! Өте ұнады. Эх, шіркін! Менің де осындай бөлмем болса ғой. Сен жанұяда жалғыз қызсың. Ал менің әпкелерім, інілерім бар. Менде бұндай бөлме қайдан болсын. Онсызда әр нәрсеге таласып жатамыз. ЛӘЗЗАТ. Ол не дегенің? Қайта сенің жаныңда бауырларың көп. Бұл бөлмені жалғызсырағаным үшін салдырдым. Аквариумдағы балықтармен, гүлдермен сөйлесу үшін. (күліп) (Екеуі бір-бірімен сөйлесіп жатқанда қонақбөлмеден әкесінің даусы естілді) НҰРЕКЕ. Ал Ләззат, Бағила келіңдер. Сыйлық ұсынайын деп жатыр. (Ләззат пен Бағила қонақбөлмеге келеді.) АЙМИРА. Ләззат, менің сыйлығымды қабыл ал.( ол фотоальбом сыйлады) ЛӘЗЗАТ. Ой көп-көп рахмет! ҚАЛАМҚАС: Менің сыйлығым міне. ( ол әдемі көйлекті ұсынды) ЛӘЗЗАТ. Рахмет сізге! АЖАР. Мә, туған күніңмен! (ол қолсағатты ұсынып, Ләззаттың құлағына бірдеңе деп сыбырлады) Негізі қонақтардың алдында ұят болмайын дедім. Әтпесе мына сағатты бермес едім. Бірақ жақында бұзылып қалады деп үміттенемін.(Ләззат не дерін білмей, ашуы шығып, өзін әрең ұстады). БАҒИЛА. Ләззат, туған күніңмен! Менің сыйлдығым –саған Еуропа билет. Жакында екеуміз кетеміз. ЛӘЗЗАТ. Пах, шіркін! Саған көп-көп рахмет. Мені қуантып жібердің ғой, АЙМИРА. О Еуропаға билет алдың ба? Маладес! Нағыз достық деген осы. БАҒИЛА. Ләззат, билетте не жазылған екен, оқы!



Бөлісу: