Туған жерім-тұнығым (эссе)

Туған жерім-тұнығым (эссе)
жеке
блог

                                      Эссе

                    Туған жерім-тұнығым

Ауылым менің қыбатпең сонша барыңмен,

Жүрекке ыстық тау-тасың, өзен, талыңмен.

Жырақта болып мауқымды бір баса алмай

Сағыныш оты тулап тұр жаным қаныммен,-деп жүрек жарды жырымды арнай отырып құтты мекен Маңғыстауымды сіздерге мақтанышпен суреттеп бермесем кім болғаным?

Пах шіркін! Айнала толы ғимараттармен қоршалған қала өмірінен гөрі, ауылда өткен әрбір сәт қандай ыстық көрінеді десеңізші. Бала кезімде есімде, анамның таң ата сиырларды өріске жайғаны, ұршық иіріп, жүн түту,қабырғаға ілінген кілем,көбігін сапырып-сапырып зеренге құйып ішетін шұбат, құрт, ірімшік, балғаймағы қандай?! Бұрқыраған жусаны,таза ауасы мен адам жанын сергітер ұйыған тыныштығы,бейне бір керемет ертегі әлеміне әкеп түсіргендей. Көз тартарлық табиғатынан бөлек, ауыл тұрғындарының жылы жүзі мен қонақжайлылығы да ереше. Оған қоса сонау бағзы заманнан бері келе жатқан қазақ әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін берік ұстанатындар да осы ауыл жұртшылығы. Көпті көрген қариялардың ақыл-кеңесі мен батасы әрдайым ауыл адамдарын еңбекқорлыққа, өрлеуге шабыттандырып, сәттіліктерге жол ашқан. Таң ата тоқтаусыз басталар күйбең тіршілік те ай жамылар түнге дейін жалғасын табатын.Елін сүйер рухты азаматтар дәлелдеген текті жер ол-қарапайым қазақ ауылы. Осылайша мен суреттеген еңбекқор ауыл адамдарының қызыққа толы өмірі барша жұртқа үлгі боларлықтай«Бiр әңгiме қозғашы ауыл жайлы, Одан артық әңгiме табылмайды»,-деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтпақшы қайда жүрсекте кіндік қанымыз тамған жерді жүрегіміздің соңғы дүрсіліне дейін жырлап өтелік.