Туған жерім...

Туған жерім...
жеке
блог

Мен өзімнің туған жерім туралы айтайын...

Жалпы туған жерім Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылы. Сөз жетпейтін əсем табиғаты бар Есенаман тауының етегінде Қалдығайты өзенінің жағасында орналасқан,аты аңызға айналған Аққұмы бар. Тіршілігі қызу жүрмеседе ел қатарлы өмір сүріп көптеген белес шыңына шығып жүрген ауыл.Дардай жылдық атағы бар алып үш қатарлы мектебіміз бар. Табиғаты тұнып тұрған сұлулық. Бұлағынан тұщы су ағатын керемет көздері бар. Ол көздер бұлақтың жүрегі іспеттес...ғажап мекен. Сайым даланы қақ жарып табиғаты алыстан көзге ілігет. Жел соқса жағасы сыбдыр қаққан жоғарыдан қарасаң суда жүзген балығын анық көруге болады. Үйрек қаз қонатын өзеннің жағасында демалудың өзі бір ғанибет. Балығы тайдай тулаған маңында аң құсы шулаған қастерлі Қалдығайты өзені. Егіндікөл табиғаты əсем жер.Ылдиы мен өрі,өзені,көлімөлдір бұлағы сай-саласы шағылды құмдары мен ну орманы алтын бесік туған жердің ажарын ашып көркін асырып тұр. 

Қастерлі ауыл кең даламның

Кереметі бар мұнда бар ғаламның

"Егіндікөл"өзіңе арналады

Жазған жыр тартқан күйім салған əнім...

P/s:көбі суретті картинка деп ойлайды,алайда бұл картинка емес...