Туған жер жайлы бірер ой.
блог
Туған жер. Адам баласының ыстық мекені. Әлем төріндегі біз айналып кете алмайтын жұмақ мекен. Қазақ баласы қашанда туған жерін кие тұтқан, мақтаныш көрген. Сол арқылы үлкен өмірді, кемелді болашақты таныған. Сол жердің қартынан бата алып аттанған әр іске. Басына күн туғанда да сол жерден пана тапқан. Ақыр аяғы өлім аузындағы қария да сол жерде мәңгі жатуды аманаттатйды. Міне бұл біздің түсініктегі туған мекеннің қарапайым бағасы.
Әлемнің қай түкпірінде жүрсек те сол бір киелі мекен тартып тұрады. Аңсап құмына аунап, батпағына былғанғың кеп, дос-жаранға алаңсыз сыр ашқың кеп тұрады. Мен туған жер, мен туған киелі мекен - Киелі Торғай өңірі. Тарихтан ойып тұрып орын тепкен, асыл текті талай ұлды өсірген көне Торғай. Орман тау, шалқыған теңіз, гүлденген бау-бақша, осының бірі де жоқ Торғайда. Дегенмен ол Торғай. Оның аты қашанда биікте. Тұғырынан бір түсіп көрген емес. Кең жазық дала, құм, бірінен соң бірі шыға келер белестер, мұның бәрі біздің жүректегі ыстық суреттер.
Ахаңдай алып туған бізде, Ол тек Торғайға ғана емес жалпы қазаққа ортақ тұлға. Алайда біздің топырақ өсірген. Ыбырай мен Міржақып туған, Амангелді Әліби әрісі Шақшақ Жәнібек. Берісі Қайнекей, Назарбек, Нұрхан ақын, Серік Кеңшіліктер. Айта берсе көп-ау. Біз бір кең де дархан халықпыз ғой достар. Туған жерімізді айтып бір мақтанайықшы. Өсер елдің ұл-қыздарымыз ғой, бірін-бірі батырым дейтін.
Мен Торғайымды айттым, сіздер де бір көсіліңіздер !!!