ТУҒАН ЖЕР!!!

ТУҒАН ЖЕР!!!
жеке
блог

Па, шіркін!Қырларың неткен сұлу тым,

Ашылған шайдай аспаның сенің дәл бүгін

Қадіріңді егер келсем білмей кеше гөр,

Жұмақтың кілті, есігі сенсің бақыттың.

Туған жерім, асыл мұрам, байлығым.

Өткіздім сенсіз талай күн міне, талай түн.

Сені бір көрмей қалмаспын бірақ мәңгіге,

Көре алмасам да шетелдің мен Парижін.

Әр адамға туған жер ыстық екен

Мен сені өмір бақи жырлап өтем.

Сенсіз маған өмір жоқ бұл жалғанда,

Күн кешемін қалай мен жырақ кетсем?

Жігер берер, маған салқын самалың,

Шуағын берер, арайлап атқан әр таңың.

Сүйемін сені, қадірлеп сені өтемін,

Бар өмірімнен де артық сенің көмірің.

Уа,Тәңірім!Жар бола гөр еліме,

Тыныштығын ешқашан бұза көрме.

Туған жерін сатса егер опасыз,

Сол опасыз тірі болмас бүгінде...