Туған елің болмаса, Тумай-ақ қойсын күн мен ай (байқау)

Туған елің болмаса,  Тумай-ақ қойсын күн мен ай (байқау)
жеке
блог

«Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады».

Н.Ә.Назарбаев.

Дүниеге шыр етіп келгеннен бастап-ақ адам баласы туған үйін, туған ауылын тани бастайды.Өсе келе оның топырағынан өзіне нәр алып, оның қырындағы әсем гүлдерін теріп, құмары қанғанша бал-шырынды суын ішіп, мейірі қанғанша таза ауасын жұтады. Міне, осы жерді әр адам атамекенім, алтын бесігім деп біледі.

Географиясы. Ақтау ауылы, Тасқала ауданының солтүстік бөлігінде орналасқан.Ақтау ауылының  жер көлемі –530  км2. Климаты қатаң континентті. Қысы суық, бірақ батыстан келетін циклондардың әсерінен кейбір кездерде жылымыққа ауысып отырады. Жазы ыстық әрі құрғақ,ұзақ болады. Күн сәулесі мол түседі, құрғақшылық жиі болып тұрады, қар жамылғысы 20-25 см. Болады, мөлшерден жоғары буланады, желдің екпіні қатты, көктемде және өсімдіктің көктеу кезінде  үсік түседі,  топырақта ылғалдың қоры  аз болады.

Тарихы. Столыпиннің аграрлық реформасы бойынша 1929 жылы «Карл Маркс» колхозы құрылған. Ең алғашқы төрағасы Файзолла Нарин атқарды. Колхозда 90 сиыр, 300 қой, 150 жылқы, 30 түйе болды. 30 жылдары колхоз көптеген жетістіктерге жетті.

Одан кейін қайта жаңартылып, 1965 жылы «Красный Маяк» созхозы құрылды. Алғашқы директоры Тоқсейіт Өмірзақов. Осы жылдарда ауылымыздан еңбеккерлері арасынан Социалистік Еңбек Ері Жусупов Мақаш, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Кисанов Марседен, жастар фестиваліне қатысушы Нұрғалиев Арон шықты. 70 жылдардан созхозда мектеп бітіруші жастардан шопан, сауыншы, құрылысшы бригадалары құрылды. 1982 жылғы мектеп бітірушілер облыс түлектеріне сыныбымен туған ауылда қалып еңбекке арасалуға үндеу қабылдады.

Пайдалы қазбалары. Ауылымыздың территориясының тектоникалық өзгерістерінде жанартау және тау түзілк процестері болмағандықтан, пайдаоълы қазбалары шөгінді жыныстар мен ежелгі теңіз жануарларының қалдықтарынан тұратын құрылым болып келеді. Ауылымызда құрылыс материалдарының шикізат көзі өте мол. Соның ішінде әктас, құрылысқа қажет құм, құм аралас саздың, аса сапалы түсті саздың шикізат қоры  көздері кездеседі.
Ақ бордың қоры  да көр. Бордың құрамы бір клеткалы ағзалардаң қанқасы мен ұнталған кальциттерден тұрғандықтан цемент және силикат кірпіштер жасауға өте қажет шикізат көзі болып табылады.

Мен өзге жерде туғаныммен, Ақтау ауылы маған туған жерімдей болып кеткен. Ауыл адамдары жайдары, жайсаң жандар. Бұл мекен өзінің «Ақбұлағымен» мақтанады. Оның суы шипалы, емдік қасиеті бар деседі. Әрі бүкіл ауылды осы бұлақ арқылы сумен қамтамасыз етіп отыр. Бұдан бөлек бұлақ аумағы қоршалған, демалып отыратын орындықтары бар.  Жолдан өткен көліктер міндетті түрде бұлаққа соқпай өтпейді. Бейнебір бұлақтың өзіне тартып тұратын күші бар секілді. Ауыл арасында бұлақ жайлы мынандай аңыз қалыптасқан: «Ертеде, бір ананың жар дегенде жалғыз баласы болыпты-мыс. Ана парасатты әрі ақылды болады. Анасы ұлын алақанында ұстады, әрдайым қорғаштап, барлық жамандықтардан сақтауға тырысты. Бірақ күндердің бір күнінде соғыс басталды. Қаһарлы, қатыгез дұшпанның әскері аш төбеттей бейбіт елге шабуыл жасап, орасан қайғы мен қасірет әкелді. Сонда ана ұлын жауға жібергісі келмейді. Себебі түсінде баласының ақ қанатпен аспанды айналып ұшып жүргенін көреді. Бірақ ұлы соғысқа аттануға бел байлайды. Сұрапыл шайқас орын алды.Ұрыс үш күн мен үш түнге созылды. Ақыр аяғында ананың көрген түсі орындалып, жалғыз ұлы дүние салады. Ана ұлының өлгенін естігенде айналаны күңгірт тыныштық жайлады. Ананың көзінен үзілген тамшы жасы жерге тамып, тамған жерден бұлаққа айналады. Кейін ана құсалықтан дүние салады». Бұлақ болса сол аққан күннен бастап қазірге дейін тоқтаусыз ағып жатыр. Алдағы уақытта бұлақ туралы фоторепортаж жасағым келеді.