Əр адамның шындық туралы түсінігі əр түрлі болуы мүмкін. Бірі жақсы қарым-қатынасты сақтап қалу үшін кейде шындықты айтпауға да болады деген пікірді ұстанса, екіншісі ,өліп кетсең де шындықты айт деген мақсатпен жүріп -тұрады. Шындық ащы болса да , адалдыққа бастайды.
Өтірік-өрмекшінің торы. Шындық- шыбынның шаққаны. Бұл жай ғана мысал немесе теңеу. Өтірік-өрмекшінің торы дегенім , өрмекшінің торын да , өтірікті де кез-келген жерден кездестіруге болады. Өтірікті айта берсек өрмекшінің торы сияқты бір-біріне жалғаса береді. Ал шындық- шыбынның шаққаны дегенім, шындықты көп адам байқай бермейді. Кейбіреулер "шыбын шақпайды"дейді,сол сияқты шындықты жоққа шығаратындар да жетерлік. Қанша жерден өтірігіңді өрбітсең де, шындықтың ашылары ақиқат.