Тіршіліктің мәні неде?

Тіршіліктің мәні неде?
жеке
блог

Армысың оқырман? Қал-жағдайын қалай? Тәуірмісін? Себебі, дана халқым, қазақ, бірінші байлық – денсаулық деп айтқан. "Денсаулықтан артық байлық жоқ" ,- деп жатады. Бірақ байлық тіршіліктің мәні ме сонда? Бұл жерге қонақ болып келген жолаушыға, өзімен бірге алып кете алмайтын байлықтан не пайда? О дүниеде, мәңгі бақи ғұмыр сүретін пендеде не арман бола алады?

Өмір мен өлім, тіршілік пен жаратылыс ұғымдарын ой иелегінен өткізе бастаған шақта, еске ең алдымен дін келеді. Адам баласы – құдайдың жаратылысы.

Христиан ілімі бойынша, адам баласы құдайдың кейпінен жаратылды, яғни пенде Құдай сияқты ақылды, ерікті,мәңгі жайсайтын жан  және өмірі тұнғиық мағынаға толы. Адамның ұлы мақсаты – Құдайды тану болса, асқар мұраты – о дүниеде мәңгі бақытты өмірді мұра ретінде қабылдау.  

Буддизм ілімі адам баласының бұл дүниедегі тіршілігінің айнымастай бөлігі - зардап , өмірдің мағынасы мен түпкі мақсаты ретінде осы зардаптан құтылуын қарастырады.  Зардаптың түп тамыры – адамның тілек пенен ниеттерінде жатыр. Пенделік тілектерінен құтылған соң, адам, бәріміз естіген, сипаттай алмайтын күй – нирванаға жетеді.

Ислам ілімі бойынша, адам баласыны Құдайдың алдында толық мойынұсынып, парыздарын орындауы қажет және нәтижесінде Ақырет күнінен кейін, мәңгілік өмір сүреді.

Ал, Құдайға сенбейтін адамдар не істемек? Жаратылыс сұрақтарына философиялық жауап беретін дін болмаса, өмірдің мәні не болмақ? 

Мүмкін, тіршілік мәні - ұрпақ қалдыру? Мүмкін, адам болып, жақсы, игі істерді жасау? Ал, дұрыс пенен бұрысты, жақсы менен жаманды айырып беретін не?

Ал, адам өміріндегі тағдырдың орны не?

Сірә, Абай атамыздың айтқаны дұрыс-ақ. Сен де бір кірпіш дүниеде, кетігін тап та, бар, қалан! Өмірдің мәні - өз орнынды табу шығар. Оқырман, өз жолынды, өз орнынды іздеген жолда, менің сұрағыма жебеу болатын бір нәрсе тапсан да, хабар бер.