АДАМДАРДЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ МЕНІ ҚАТТЫ ҚЫЗЫҚТЫРАДЫ!
***
... Есімі жер-жаһанды жаулаған өнер ханшайымы Бритни Спирс те кезінде жас қыз болған екен )
Бритниді жақсы көрем. Үлгі тұтар қасиеті аз болса да... Жаныма сондай ыстық. Оның біз білетін "бассыздығының", "басқалығының" ар жағында баяғы бала Бритни әлі жасырынып жүрген сияқты...
***
Мейрамбектің өнер жолына түскені қандай жақсы! Әйтпесе, оны жақсы көру бақытынан қағылар ма ем? )
Ес кіріп, ақыл тоқтатпаған кезім болар, қайдам. Бірақ, теледидардан "Бозторғайды" тыңдайтынымыз есімде.
Оны естіп ап үйдің кішкентайлары айтып жүреді екен де, үйдің үлкендері "Айтпаңдар" деп айтып жүреді екен )))
Мейрамбектің орындауында "Кеш жарық":
***
Smаsh тобының экс-әншісі, шоумен Сергей Лазаревті білмейтіндер аз, ал, оның бала даусы да өте танымал болғанын білетіндер одан аз. Сен де, мен де жатқа білетін бұл әнді иә, иә, кәдімгі Серёжка орындайды:
***
"Фарида, Фарида, Фарида"
Фариданың кассетасын алам деп жылағаным бар ).
Байқасам, менен тым кіші емес екен. Сонда да баласынам.
***
Ширли Тэмпл! О, Ширли! "Альп ертегілері" сериясымен шыққан Хайди балақайдың рөлі үшін мен бұ ханымға өте-мөте ризамын!
"Хайдидің" қандай да бір сериясын байқап қалсаңыздар, дәл сол сәтте мені теледидарға телміріп отыр деп ойлай беріңіздер. Фильмнің өзінен алынған цитатамен сөйлесем: "Я просто влюблена в этого ребёнка":
***
Айару Орманова
Айарудың қазір ән айтатын, айтпайтындығын біле алмадым, біраз бой жетіп те қалды. Бірақ, тума талант. Даусына тәнті болмау мүмкін емес. Өзге елдерде де өз бағасын алған балапан қыз!
Сайра, бұлбұлым! Тіршілік саған риза сол бір ән үшін!
***
Бұл әртіс - менің мәңгілік махаббатым )))
Өзі 83-жылғы, 91-ден бері өнер жолында. Күйеуі, екі баласы бар. Қалай жақсы көрмейсің енді? )
***
Кристинаның ерекше даусын жаңылмай тану қиын емес. Оның өнер жолындағы образы бала кезден-ақ қалыптаса бастаған сияқты.
***
Юраның әндерін сүйем ғой! Оның көргендегі, тыңдағандағы күйімді сөзбен жеткізу қиын. Елжіреймін.
Суреттер: google.com
Видео: youtube.com
Әндер: жеке репертуарларынан )
Жинаған: Салтанат Мырзабай