Тракторшының махаббаты

Тракторшының махаббаты
жеке
блог

                                         «Тракторшының махаббаты»

    Осымен бірнеше рет қазақ киноиндустриясына тың туындыларымен аяқ басқан Баяннан жұрт үнемі әсерлі дүние күтеді. Бұл бұлжымас қағида. Көктемде Есентаева байқау жариялады. «Тракторшының махаббаты» деп аталатын телесериалға. Оң жамбасына келген сценарий табылып,жарнамасы «жер» жарды. Күздің алғашқы күндерінде сол телетуынды көрерменімен қауышты. Көрермендер жағы көк жәшікке де,интернетке де телміріп «Тракторшының махаббатын» көргісі келгені анық,әрине! Оған рейтинг те куә. Алғашқы әсеріміз де мынадай болды. Баянның туындылары көбіне екі тілдің пұшпағынан ұстауға әуес. Бұл жолы да осы «қателік» қайталанған. Орыс тілінде шүлдірлеген әртістер жағы да басым. Бұл жайлы сәл кейінірек. Жалпы туындыны тамашалаған соң мынадай сараптама жасадық. Сценарийдың жалпы мүддесі қала мен ауыл өмірінің ара жігін ажыратуға,қоғамда белең алған құбылыстар әлсізге әлдінің күш көрсетуі,алпауыттар аяқ басатын «бизнес» әлемінің былығы мен шылығының шындығын әшкерелеуге,мансап пен байлықтан ұлық тұратын сезімдер жеңісіне негізделген. Туындыда пафостық сарындар да белең алған. Қала қызының көк шылымды бұрқыратуы туындыдағы әбестіктердің бірі асыра сілтелген парасатсыз пафос. Көрермен ретінде көргеніміз шынайылық бар! Кинотуынды жарық көргенде әуелі аудиторияның ауанына лайықталуы керек. Әр көрермен туындыға телміргенде өз бейнесін,әртістің бойынан өз болмысын тануы шарт. Бұл киноиндустриядағы заңдылық! «Тракторшының махаббатындағы» әрбір әртіс ауыл адамының болсын,қала қазағының мінезін,түр тұлғасын сол қалпы сомдайды. Бұл әртістердің шеберлігінде. Есентаева ханымның ерен еңбегі де сонда.Плагиатсыз,боямасыз шынайы дүние.Киноиндустрия саласындағы алғашқы туындыларының бірі “Ғашық жүрек” фильмінің желісінде қарапайым,жетімдер үйінен шыққан қыздың тағдырын  түбегейлі басқа арнаға бұрып,”жұлдыз”ете алатынын дәлелдесе,ал мына туындыда осыған қарама-қарсы оқиға желісі өрбиді.Дәлірек айтсақ,билік пен мансапқа жастай қол жеткізген,тәкаппарлығы тағы бар қала қызын мүлде аяқ басып көрмеген ауыл өмірімен біте қайнастыру арқылы тың дүние жасады.Дегенмен,басталуынан аяқталуы тез болған сыңайлы.Жиырма серияға әзер жетіп жығылды.Оғанда шүкір дейік.Түріктердікіндей қарқын біздің қазақ киноиндустриясына әлі жете қоймағаны ақиқат.Я,кино-өмір,кино-тарих.Сондықтан “тракторшының махаббаты” да қазақ кино өндірісінің алтын қорына енері сөзсіз.

Айбану Жұмабаева, ҚазҰУ-дың  журналистика факультетінің 2 курс студенті