"Тірі өлік" және тірілер

"Тірі өлік" және  тірілер
жеке
блог

"Тірі өлік" және тірілер... 

Өмір сүріп жүрміз бе не әлі біз?!
Жетпей жатып өзімізге әліміз.
Тірілердің тепкісінде жүретін,
"Тірі өлікпіз" айтыңдаршы,бәріміз!

Біз өлікпіз. Құдайымыз тірілер,
( Тірілер де тап бір күні тілінер)
Ал, әзірше тілін тапқан тірінің,
"Тірі өліктен" тіршілікке ілінер.

Олар айтса, біреу аузын тіліп пе,
Әдейі әкеп шатыстырған бүлікке.
Қанымызды өзіміз ғой сімірткен,
Тауып беріп көк тамырды сүлікке.

Ақ тілеуін тілеймін деп мәңгі ұлттың,
Мәжбүр болдың, арыңды да қаңғырттың.
Түйенің де мойын терін қаптамай,
Басымызға, күнін кештік мәңгүрттің!

Бірің-сайда, бірің-ойда, бірің-жоқ,
Шүберектей жыртылдық қой жырым боп.
Кеше аштықта " тірі өліктің", біздердің,
Етін жеген бүгін әне, тірің тоқ!

Тірі өлікпіз! Ақиқат сол, бәріміз,
Тірілердің қолында тұр хәліміз.
Алматының абыройы - Кеңсайда,
Орын қалмай күлге айналды тәніміз.

Бес күн жалған біздікі емес аңғардым,
Еркектерге қажеті жоқ шалбардың..
Таң қалдым!
Тірілердің атасы ғой тілекшіл,
Зарғып қойған батасына шалдардың!

Тірі жүріп тірілерден жырақпыз,
Хаққа иіліп, солар үшін жылаппыз.
Тірілерің өлген күні өледі-
Тірілеміз өлген күні бірақ біз!

22.07.2014