"Тірі" Барбилар туралы не білеміз?

Барби (ағылш. Barbie — Barbara (Барбара) дегеннен қысқартылған) — 3-14 жас аралығындағы балалар ойнайтын немесе ересек адамдардық коллекция жасайтын алғашқы балаларға арналған ойыншық. Ең алғаш 1959 жылы АҚШ-тың Висконсин штатында шығарылды. Оны ойлап тапқан Рут және Эллиот Хэндлер есімді ерлі-зайыптылар болатын. Барбидің толық есімі — Барбара Миллисе́нт Робертс.

Осынау тарихпен басталатын қуыршақтардың кейпіндегі қыздар туралы кейінгі уақыттары баспа беттерінде біраз дүниелер жарық көрді. Біздіңде арамызда өміріп сүріп жатқандары бар шығар, бірақ мән бере бермейміз ғой... Бүгінгі блогта әлемнің әр түкпіріндегі «тірі» Барбиларға тоқталып өтпекпіз. Сізде періште кейіптегі қыздармен таныс бола отырыңыз...

1. Валерия Лукьянова: 1985 жылы 23 августа Тирасполь қаласында туылған. Барби қуыршағының адамдар арасындағы ең танымал «нұсқасы».  Валерия 2007 жылы «Мисс Украина, Бриллиант тәж» конкурсының жеңімпазы болған. «YouTube»тегі клиптері тоғыз миллион рет тамашаланған болса, Фейсбуктегі парақшасы 727 мыңнан астам «лайк» жинаған. Американың «Ви» журналының шақыртуымен Нью-Йоркте болып журнал үшін арнайы фотосессияға түскен.(Украйна)

2. Анастасия Шпагина: 1993 жылы 2 майда Одессада туылған. Арнайы косметикалық бояулар арқылы жасалған көздерімен танымал қуыршақтың «тірі» көрінісі, украйна перісі. Өмірде гүлдерді және көбелектерді жақсы көреді, жапон оқушыларының киім стильін ұнатады. Күндік макяжының жасалуына 3-4 сағат жұмсалады. Бұл түрдегі қуыршақтардың жапондық нұсқасына өте қатты ұқсайды. (Украйна)

3. Котакоти:  Америкада өмір сүретін қуыршақ қыз.Он алты жасында ақ өзінің қуыршаққа ұқсайтын бет бейнесімен өте танымал болған. Жапонияның және Қытайдың басты телеканалдарында сұқбаттары берілген. Араб елдерінің әлеуметтік желілерінде өте танымал. Түрлі түсті бантиктер таққанды ұнатады.  (АҚШ)

4. Ванилла Чаму: Қуыршақтың француздық нұсқасына өте ұқсайтын жапониялық фотомодель. Осы көрініске келу үшін хирургиялық әр түрлі отыздан астам отаға 10 миллион иен яғни 102 мың доллардан астам қаражат жұмсаған. Бүгінде Жапонияның басты телеканалдарында шоулар жүргізумен қатар бірнеше сән журналдарына суретке түседі. (Жапония)

5. Алина Ковалевская: Одессада туылған. Бірнеше хирургиялық оталар нәтижесінде бетін қуыршақтың бет жүзіне ұқсаттырған 21 жастағы украйн қызы. Көпшілік бұл қызды танымал Валерия Лукьяноваға ұқсатсада, ол өзін өзгелерден қуыршаққа көбірек ұқсайтындығы айтқан екен бір сұқбатында. Түрлі жарнамаларға және фотосессияларға суретке түседі. (Украйна)

6. Venus Palermo: 15 жасында танымал болған ағылшындық «тірі» қуыршақ. Венера Палермо Швейцарияда туылған, он бір жасында ата анасымен Англияға көшіп келген. Бес тілде еркін сөйлей алады. Қазірде Жапонияның беделді бір компаниясында жұмыс жасайды. (Англия).

7. Анжелика Кенова: 1992 жылы 11 июльде Курганда туылған. Бүгінгі күні танымал мәскеулік фотомодель, қуыршақтың ресейдегі танымал үлгісі. Бірнеше рет хирургиялық оталар жасатқан. Фотосессияларға қатынасады. (Ресей)



Бөлісу: