Тойдың қуанышын таразыладыңыз ба?
жеке
блог
блог
Қазақтың тойы үнемі шақырылған уақытынан кеш басталады. Негізінен, той дегенде қу бас домалауы тиіс. Алайда, бізде бәрі керісінше. Ойлап қарасаң, тойға уақытылы барудың өзі - көргенділіктің белгісі, үлкен тәрбие мектебі. Той - белгілі бір адамның ұзақ күткен қуанышы. Cол үшін ол барын салып, қаражатын төгіп, қарызданып-қауғаланып, абыроймен өткізуге тырысады. Шақырылған қонақтардың уақытылы келіп, көңілді отырып, жақсы әсермен тарағанын мақұл көреді. Ал біз болсақ, “ә” дегеннен кешігіп, той иесінің көңіліне қаяу саламыз. Осынымыз жөн бе?
Көбіне, үлкендер жағы егде тартқан жастарына қарамай ерте келіп, дастархан басында өзгелерді сарыла күтіп отырады. Той иесі болса, “Сәл сабыр, сәл сабыр!” деп, әкім-қараларды күтіп, оларсыз үстел басына отырмайтындығын түсіндіріп жатады. Осындайда, кейбір өз-өзін құрметтеп, тойға мезгілінде келетін қонақтар қолдарын бір сілтеп, кетіп қалып та жататыны жасырын емес. Жайсыз жағдайлар ағайын арасында елеусіз болса да өкпе-наздың бой көрсетуіне себеп болады. Жастар жағына келсек, олардың ойларына қарттардың тойдың басталуын тағатсыздына күтіп отыратындықтары кіріп те шықпайды. Осы арада қанымызға сіңген “үлкенге құрмет” деген қағиданың алғышарты бұзылып, қонақтардың бойында немқұрайлық сезім басымдық танытып жататындығын да байқамаймыз. Сондай-ақ, тойдың уақытылы басталмауы дастарханның берекесін кетіріп, салтанатты жиынның өз деңгейінде өтуіне кері ықпалын тигізеді. “Тапқаның тойға бұйырсын” деген қазақтың тілегі есіңе түскенде, мынадай келеңсіз көрініске еріксіз ренжисің. Бұл біреудің алғашқы қуанышы болуы да ғажап емес. Ал біз болсақ, осындай керемет жақсылыққа атүсті қарап, “Сыйлығын берсем жарамай ма?” деген мағынасы тар пікірдің аясынан аса алмай қалып қойып жатамыз.
Қорыта келгенде, той иесін өзіңдей көріп, оған ерекше құрметпен қарау керек. Уақытылы келіп, қуанышын бөлісіп, сол салтанаттың есте қаларлықтай әдемі де, мағыналы өтуіне ат салысуымыз қажет. Осы айтылғанды өзіңіз таразылап көріңізші!