Тосын сыйдың сан түрі)))

Тосын сыйдың сан түрі)))
жеке
блог

` Бала кезден әкем өзгеден еш нәрсе  алушы болма деп өсірген еді. Содан болар, сырт адамдардан сыйлық ала бермеймін. Кезінде кездесіп жүрген жігітімнен де сыйлық алуға бас тартатын едім. Сыйлықтар адамға жауапкершілік жүктейді. Судың да сұрауы бар демекші, алған қолың қайтаруы тиіс секілді боп тұрады.

Сол себеп, тосын сыйларымның көбі туған туыс пен ең жақын достарымнан болатын.

Сыйлықтың төресін ағам біледі. Әтірден бастап шет елге саяхаттарға дейін сыйға тартады. Анау, әйгілі ЛВ сөмкем де ағамның сыйы. Жеткіншек кезімде қымбат журналдардан көрген сөмкені армандап қана жүруші едім. Ол кезде ақшадан қатты қысылып жүрген шақ. Ондай сөмке түгіл, базардың арзан дорбасы да арман еді. Сөйтіп, өткен жылы ағам жаңа жылға кезекті іс сапарынан дорбамды алып келді)))

 

Ал осыдан бір жарым жыл бұрын бес жылдық махаббатым құрдымға кеткен кезде, депрессияның қалың көрпесін бүркеніп, өмірден түңілген түрімді көрген ол Швейцарияға саяхат сыйлады. Серігіп, өткенді ұмыт, бәрі де оңалып кетеді де, чемодандарыңды жина деді))) Сол күн есімнен кетпес))) Екі апта ертегі әлемінде өткендей болды)) Депрессиядан айығып кетпесем де, жеңілдеп қалдым ғой ағамның арқасында.

 

Әкем де Стамбулға саяхатты сіңлім екеуміздің туылған күнімізге тарту етті) Ол жайлы жазып кеткем алдында)))

 

Сүйіктімнің туылған күніме жіберген сол бір гүлдері осы күнге шейін жанымды жадыратады. Оныншы айдың оны күні сағат оннан он минут өткенде сыйға алғанымның да бір мәні бар ау))) Болмаса, гүл көрмеген адам емеспін ғой, алайда сол гүл шоғының дәрежесі бәрінен биік.

 

Жақсы деген құрбымның Голливудке демалысынан "Оскар" сыйға алып келген))) Ең керемет тұлға деген жазуы да бар)) Осы күнге шейін жүрегіме жақын сыйлардың бірі деп қабылдаймын) Ол құрбыммен қатынасымыз тағдыр жазуымен үзілді, бірақ әлі де есімде, әлі де жүрегімде.

Сыйлықтар демекші, бірде екі досым бірдей қонжықтарды сыйлап, күлдірген еді))) Бірі ашуланып, менікі үлкендеу бәрі бір деп)))) Бала едік, бар болғаны он тоғыздамыз)))

Маңызды деген, ең ең деген сыйлықтарым осы)))

 

Енді өзім тарту еткен сыйлықтар туралы бірер сөз)))

Тосын сый жасағанды ұнатпаймын, себебі ұнамай қалады деп қорқам) Әрине, шын көңілден сыйланған дүние ұнау керек, бірақ мен үшін сыйлығым тек жүрекке қымбат дүние емес, сондай ақ пайдалы болғаны маңызды)))

 

Гүлге құмар бастығымның туылған күніне жүрек пішінді кашподағы бөлме гүлін сыйға тартқам)) 

Екінші бастығымның туылған күніне сыныбындағы әр балаға әдемі өлең жолдары бар қағаздарды ұстатып, суретке түсіріп алдым да, рамкаға салып сыйлағам. Көзіне жас алып, толқып қалып еді)))) Негізі, мұғалімдерге сый жасау қиын емес қой) осал жері сол тентек оқушылары)))

 

Бір жақын досыма, жиырма екі жасына ғой деймін, шарф сыйға тарқам))) Мамыр айы болса да, тағып алып жүрген))) Шыны керек, ол шарфқа құмар еді, содан қалың тоқымадан жасалған ақ пен сұр түсі аралас ұзыыыын, сорайған досым секілді екі жарым метрлік шарфты ұсындым))

 

Ал, Жан деген жан досыма есімі  (Jan немесе Ян ғой ағылшынша, біз бірақ жан деп оқыдық) жазылған кружканы сыйлаған едім. Негізі, онда тұрған не бар деуге болады, алайда біз ол кезде шетте жүр едік, қазақша есім жазылған ондай дүниелер болмайтын)) Кәдімгідей қуанып,марқайып қалған болатын))))

 

Ал тағы бір досыма ( осы жерде құрбымның аз екені байқалып қалды) туылған күніне өте қымбат шоколад сыйға тартқам. Шоколад сататын ағай тек ер жігіт жейтін шоколад деп жиырма түйірін әдемі қорапшаға орап берді. Ол шоколадтың әр бірі жеке, эксклюзивті жасалады екен. Швейцариялық шоколатье арнайы рецептурасымен дайындайтын көрінеді. Расында, бәрі бар адамға не сыйлайсың басқа)))) 

 

Негізі, сыйлық жасап, қуанышты сәттерді көбейту әр бір адамның қолынан келеді ғой. Сыйдың құнынан, мәні мен астары маңыздырақ әрине. Кей кездері шын көңілмен айтылған комплимент те ең қымбат сыйға татиды)))

Жақындарымызды қуантудан шаршамайық))) 

Эстафета таяқшасын Айконтайыма беремін))) Передумала я))))

P.S. ADMINDER, MEN NEGE SURET SALA ALMAITYN BOP KALDYM JAZBA ARASYNA? PLS, ONDEP BERINDERWI :)))