Торығу – нашар кеңесші!

Қазақстан бойынша 18 қалада 21 ана үйі және әр үйдің қаржыландыратын бір меценаты бар. Алғашқы «Ана үйі» Астана қаласында ашылған. Жоба ретінде қаралған қоғамдық қордың мақсаты – жетімдер үйіне балалардың көп түспеуіне атсалысу. Біз барған Алматы қаласындағы «Ана үйі» 2013 жылы мамыр айында ашылған. Жұмыс істегенінебиыл 10 жыл.

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында іс-шаралар өтеді.Негізгі мақсат - тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасымен күресу. Аналар үйі перзентхана,аурухана мен мектептерде “Ерте жүктіліктің алдын алу шаралары”жайлы тәрбие жұмыстарын өткізген.  

“Біздің шараға қыз балалар, ер балалар мен ата-аналар қауымы қатысады. Себебі бұл мәселеде тек қыз кінәлі емес. Үш жақ өз жауапкершілігін мойнына алады.”-деді ана үйінің координаторыАминат Джаппуева.

Ана үйі жүкті қыздың құқығын толықтай қорғайды. Тұратын жері, дәрі-дәрімегі, азық-түлік пен қауіпсіздігіне жауапты. Аналар бір үйде 6 ай тұрады. Осы уақыт аралығында қыз балаға барынша көңіл бөледі. Қыздың ата-анасымен, баланың әкесімен жұмыс жасайды. Ең бастысы ешкім жетім, жесір қалмау керек.

Толық қамқорлықтан бөлек бұл ұйым әйел адамды еш нәрседен шектемейді. Тұлғаны дамытып, жұмыс жасауға, өз нанын табуға үйретеді. Оның ішінде,  тапсырыспен киім тігу, моншақтардан бұйым жасау. Сонымен қатар кәсіпкер әйелдер келіп, көмек ретінде мастер класс ұйымдастырып отырады. 

Жаңа туылған баланы қырқынан шығару, бесік той, тұсау кесер сияқты қазақтың салт-дәстүрлері міндетті түрде сақталады. 

Аналар үйінің арқасында елімізде 6000-нан астам бүлдіршін жетім қалмай, ана махаббатын көріп өсуде. Әйтсе де, әлде де болса әрбір ата-ана қыз тәрбиелей отырып, қоғамды, ұлтты тербиелеп отырғанын ұмытпаса екен. Тастанды, жетім, балалар уйлерінің саны азайып, мұндай сүренсіз көріністерді болашақ ұрпақ

көрмесе деген ниеттеміз. Бұл- біздің қазақ қызы деген атымызға сын. Ер азаматтар өз ісіне жауап бере алып, әйел затын қорламаса екен. Сыйластық пен қамқорлық-әйел бақытының негізі. Қыз баланы алақанында аялап ұстаса, неке де берекелі болады.

Ендеше, арымызды қорлатпай, абыройымызды асқақ, беделімізді биік, қазақ салтын берік ұстанайық, замандас!



Бөлісу: