Қазір көпшілігі мамандықты қажеттілікке қарай таңдайды. Ол кейін өміріне азық бола ала ма? Немесе жасаған жұмысы ләззат сыйлайды ма? Бұл сұрақтарға бас қатырмайды.
Не үшін мамандықты дұрыс таңдау керек. Себебі өміріңнің жарты бөлігі таңдаған мамандықтың аумағында өтеді. Оның ауырпалығына, қиыншылығына төзе білу үшін ең бірінші жақсы көру керек. "Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де,талап қыл!" ,-дейді қазақ. Жұмыстың сан түрі бар. Тек өз салаңды таба алсаң жетістікке жеткенің. Ол үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз.
1. Уақыттың көп бөлігін қандай іске жұмасайсыз. Мүмкін ән айтасыз? есеп шығарасыз?
2. Қолыңызда бар ақшаны ойланбай жұмсайтын ісіңіз қандай? Ешкім ақшаны оңды- солды шаша бермейді. Тек болашақта өзі көретін мамандықта дамуына септігі тиетін болса ойланбай құя салады.
3. Қай салада сені сынағанын ұнатпайсың. Елден жасырып жүрген хоббиің болуы мүмкін. Достарыңның сөзі сені ұялтпау үшін барынша жасырасың.
4. Қай істі жасасаң қуанасың? Немесе қандай да бір қолға алған ісің жүрек қағысыңды жылдамдатады? Мысалы мен: күнделік, блог жазғанда жүрегім қуанышқа бөленіп, бір демалып қалам.
Сұрақтарға жауап беріп, қағазға жазып аламыз.
Барынша шынайы бол. Іште тынып жатқан сүікті ісіңді шығаруға тырыс. Осы сұрақтарға жауап беру арқылы ортақ бір саланы табасың. Сен оны жұрқа көрсетуге, айтуға жүрексінесің. Өйткені оның сенің өміріңде алатын орны ерекше. Бар жан- тәніңмен жақсы көргендіктен ең мықты маман болуға талпынасың.
Міне, осы мамандық саған арналған.