«Төрт газет жүз мыңдық әскерге қарағанда жауға көп зиян тигізеді»
блог
«Төрт газет жүз мыңдық әскерге қарағанда жауға көп зиян тигізеді»
Журналистика-мемлекетіміздің айнасы. Халық пен әкімшілікті байланыстыратын басты құрал. Қоғамды жақсы жаққа да, жаман жаққа да аудара алуға қабілетті. Экономиканың дамуы, халыққа жаңалықты жеткізу, түрлі эмоцияға бөлеу журналисттердің қолында.Өкінішке қарай,көп жағдайда бұл мамандықты елемей жатады. Қазіргі таңда бұл мамандық иелеріне көңіл бөлмейді және маңыздылығын түсінбейді.Ал талантты деген журналисттер өз мамандығымен жұмыс жасамайды. XXI ғасыр технология заманы. Сол себептен кейбір мамандықтар қажеттілігін жоғалтқан. Дегенмен,заман қанша цифрлық қоғамға ауысса да, бұл саланы технологиямен алмастыруға келмейді.Тіл өнері ешқашан өз маңыздылығын жоғалтпаған. Егер осы сала қоғамда ерекше статусқа ие болса, еліміздің экономикасы мен саясаты көтеріледі. Шет мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасын жақсарта алады.
Осы уақытқа дейін, «Журналист -тіл шебері» деген оймен шектелдім. Алайда, Журналистика: басқаларға өзіңіз түсінбейтін нәрсені түсіндіру өнері. Шындық пен өтірікті ажырата білетін адам. Айтқан және жазған дүниелеріне жауап беретін тұлға. Пікірлерге сүйенбейді, өйткені пікірлер арзан, ал фактілер қымбатқа түседі.
IITU университетінде журналисттерді практика жүзінде даярлайды. «ЖОО-да оқығандарым керек болмады, мамандығымды жұмысқа тұрған соң түсіндім.»деген пікірді жиі естиміз. Бірақ бұл менің университетіме тән дүние емес. Журналистика саласының біз білмейтін қырларын танудамын . Теория жүзінде, практика жүзінде білімімді шыңдап келемін. Тек білім деп қоймай, болашақ әріптестеріммен де қарым-қатынасым жақсы.Бір байқағаным, жоғары курс студенттері 1 курс студенттерінен көмегін аямайды. Түсінбегеніңді қысылмай сұрай бересің. Бұлда ХАТУ-дың ауызбіршілігі мол екенінің дәлелі.
Өз мамандығыммен жұмыс жасау жоспарда бар. Сонымен қатар осы журналистиканың қоғамдағы орнын өзгерткім келеді.Болашақ әріптестеріммен бұл дүниені бірге қолға аламыз. Себебі нағыз журналист мазасыздықты тыныштандырады, ал азғындарды алаңдатады.
ХАТУ студенті Торехан Мадина