Төрт бұрышты басты адам

Төрт бұрышты басты адам
жеке
блог

Төрт бұрышты басты адам

Бүгінгі жастардың миы басында емес,телефонда.Шақшадай басқа шарадай дүниелерді сыйғызу мүмкін емес болғанымен,бүгінгі таңда бәрі мүмкін боп кеттті.Мұхтар Шаханов атамыз айтып өткендей:

Иә,бізді қайда апармақ мына заман ықпалы?

Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады,

Қайда барсаң көз алдында өнеге боп жарқылдар,

Жарты бастық,жарты қыздар,жарты ұлдар.

Деген өлең шумағынан біз бүгінгі заман ағымы мен адам тағылымын көре аламыз.

Бұл дегеніміз рухсыз күш формуласы.Өйткені барша адамзат атауы өзінің рухын,намысын,білімін жоғалтып бара жатқандай.Біз барша жұрттың басы компьютерге тәуелді болып қалды деген тұжырымдамаға келдік. Ақиқаты сол.

Қалтадағы бастың әсерінен монитор көз,компьютер бас жас талап,

Білім мен рух ажырап жатыр қос қанат....Егер бүгінгі таңда телефонсыз өмір сүрер болсақ,күллі адамзат қандай болар екен?

Қызық....әрі шыжық.Өйткені төрт бұрышты басты адамдар жартылай жарты бас адам, яғни зомби боп бара жатыр десекте болады.Бұл қуантарлық жағдай емес.Сіз қорқыңыз,қалтадағы ми ағып кетпесін деп.Әйтпесе,бастағы ми мен монитор мидан да қол үзіп қаларсыз...