Төрт алынған екі
блог
Төрт алынған екі
Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын естігенім бар, ‹‹білсеңде не үшін өтірік жазып тұрсың, не үшін? ››,-деген сұраққа бертінде ғана жауап бердім.
Мектеп табалдырығын аттамас бұрын әке-анам әпекем екеумізге сан үйрететін, әкем маған шешемді өзін көрсетіп екі деген санды үйретті, менімен әпекемді нұсқап қанша болады дегенінде мүдірместен төрт деп жауап қатып әке-шешемнің қуанышына, мейіріміне бөленгенім бар, бырақ көп ұзамай төрттің екісінен айырылдым, олар әкеммен-анам.
Сәби жүрегіме, тағдырыма салқындық салған осы бір тұстарда мен үшін қосуы бар, алуы жоқ, әкеммен-анам бар, жоғалту жоқ болатын, ол күндер мен үшін ең үлкен қайғы, қасырет еді. Жиырма жылдан кейін қолфоныма мынандай хат келіп түсті.
Асқар кезінде сәби жүрегіңді түсінбей екі күн сындап ұрысқаным есімде, соны бүгін ғана түсындім, жолдасымнан жақында ғана айырылдым, сені ойласам болды, егіліп етегімнен жас тоқтамайды !
Ұлды болыпсың, ұрпақтарың көбейе берсін, отбасыңмен мәңгілік бақытты бол қарағым !
2×2=4×2=8×2=16. . .
Құрметпен мұғалімің: Алмира
Естен Ерболұлы