Халық үшін - Төреғали Төреəлі, қыздардың Төрешісі, жігіттердің Төре бауыры, достарының Толигі, бауырларының ағабайы, Еркіннің сары балапаны, біздің Төкенай, Төретамның Төре əулиетінің ерке Төресі, айтыстың көжегі, жалпы айтқанда "Ұлы Дала Баласы" жайлы айтқым келеді...
Сіз білесіз бе? Төкенай 5 жасында-ақ өнердегі алғашқы қадамдарнын тойда музыкант болумен басталған. Төреəлі ағам айтқандай, Төкенай 5 минут ішінде тойға апарған барлық музыкалық аппараттарды құрып, дауысын реттеп сайлап қояды екен. Төкенай сол кезде былай армандайтынмын дейді " Əке, біз осы қашан екеуміз екі домбыра ғана көтеріп концерт, тойға баратын күн туады, қашанғы мына зілдей аппаратураны əрі-бері таси береміз..." Иə, Төкен осылай армандай бастады. Ол кезде көршінің көйлегін, ағаларының бəтеңкесін киіп-ап еш тартынбастан сахнаға жарқырап шыға қалатын.
Сіздер Төреғалиді жарқырағанда көрдіңіздер, жанып тұрғанын көрудесіздер. Ал оның 23 жылдық ғұмырында осы мансап үшін қаншалықты тер төкеннін белесіз бе, "тірнектеп жинау" деген сөзді Төкенге тікелей қатыстырсам, жаңылмас едім.
Мен қазіргі Төреғали Төреəліні осыдан 6 жыл бұрын "Айтыстың көжегі" атанып жүргенінде алғаш таныдым, ал танысуымыз 4 жыл бұрын орын алды. Біз бірден тіл табыстық. Сол күннен бастап Төкеннің мойымас қасиеті жəне "Кім не десе де, мен бəрін жақсы көрем" дейтіні, қылығы мен сөзінің даралығы оның түбі бір жарық жұлдыздай боларына сенімімді күшейтті. Сосын кейбіреулеріңіз айтпақшы "өзінше, менмен" сөздерінің Төкенге қатысы жоқ, ол сөзді айтқан адам өз бойында бар қасиетті өзгеден көріп тұратын шығар, немесе кейбір жағдайларда солай көрінетін шығар...Ол кезде, ол кезде мына атақ та əндер де жоқ еді. Қарапайым қара шортысы мен фудболкасын киіп ап қызу тіршілікке араласып жүрген бір бозбала еді. "Іздемесі" бар, бейнебаяны да ерекше еді ғой...
Төреəлі аға мен Аягөз тəте, бұл кісілер бауыр еті балаларының бір тал шашын қастерлейтін ата-ана. Аяш тəтенің Төкеннің керегі үшін Ақтөбенің буырқанған боран аралас аязында екі қызын шанаға салып үй мен əуежайдың арасына құлап-сүріне жүгіргені туралы əңгімесі əлі есімде. Төкеннің алдын орап, етегінен тартқан азаматтарға есесін оңай жіберіп, еркіне қоя беретін қасиетін мінге балап баласын қызғыштай қоритын Төреəлі ағаның да əкелік инстингі кейбір əкелерден 4-5 есе көп сияқты көрінетін. Төкен өзі айтпақшы "бастығы" да болып біраз өнер жолына қанатын сермеп жатқанда мен де сол кісі арқылы шоу бизнес, өнер əлемін таныдым.... Төкен "Əке болған соң шырылдайды ғой, бар сыны мен сөзіне жасыма, əкеңдей көрші, əкелік пайілі ғой" деп айтқаннан соң Төреəлі аға да əкеміздей боп кетті. Көп, өте көп, бай баласындай аспаннан топ етпей бірінші өркенін жайып, сосын сабақтанып, кейін гүлдеп, биіктеп өскен бəйтеректей Төкеннің де осы "хиттік" мəртебеге жетуі, қазақтың сүйіктісіне айналуы көп баспалдақтардан өткен... Сосын, бұрын тағы бір ортақ арманымыз болатын "Республика Сарайында ән кеші өтсе, халық сыймай жатса... Шіркін... Сондай күнге жетсек екен". Осы сарындағы қиялға толы арман-мақсат көп еді. Төреәлі ағамен отырғанда, аға: "Көресіңдер, қазір бәріміз осы аброй мен ел алдында танылуға жүгіріп, шаршап, шалдығып жатырмыз, қаншама жолдар жүріліп, тер төгіліп жатыр, бірақ біліңдер, ертең осы абырой біз үшін жүгіретін болады, еібек түбі береке" деп қайрап-қайрап қоятын.
Неге бұлай көп толғадым, біршама күннен бері Төкенімнің айналасындағы суыт əңгімелер əлеуметтік желілер мен сары прессаның ермегіне айналды. Шыны керек, осы мəселенің ақ-қарасын сұрап жатқан қарапайым халық пен түрлі шоу бизнестік журналдардың тілшілері сұрақтар жаудыруда...
...Мен халықты түсінбеймін, халық бір адамды асқақтатып, өнерін сыйлағандай болады, жақсы көреді, бірақ сол адамның айналасындағы алып-қашпа өтірік пен өсекті СҮЕЙЕДІ, бәрінен артық көреді... Қайсысы қымбат?
Төкеннің жаны болған "Жаным қазақ", кішкене сабырға келейікші! "Қазақтын жаман қасиеті..." деп айтпай-ақ қойайын, бірақ аяқтан шалып, төске ұруды азайтайықшы. Өз ішіңнен шыққан ұлдарың ғой. Шашын бояп, сырға тағып жатса сынамақ түгіл, атып тастаңдар, бірақ əр əні мен əр сөзінен қазақылықтың буы бұрқырап тұратын, бар болмысы боямасыз көрініп тұратын, көңіл күйі мен көзқарасын бүге алмайтын, шамасы келгенше бəріне бірдей қарайтын Төреғалиді мінемеңдерші! Бұтына шалбарын жабыстырып киіп, секеңдеп əн айтатын, қазақша сөздің басын құрай айлмайтын əпенділері бар, кеуде-сандары жалтырап, сызылып əн айтып қазақтың намысын аяққа таптап-таптап, шамасы келсе қазақылықты мыжып-мыжып қоқысқа лақтыра салғысы келетін өнер майталмандары бар шет-шегі жоқ өнер бəйгесіне сəйгүлік боп қосылған Төреғалиді жерден алып-жерге салғаннае не табасың. Сағын сындырғың келе ме, əлде көзіңе шыққан сүйелдей боп жүр ме? Кімде жеке өмір жоқ, кімнің басында қиындық жоқ?! Төкеннің шаңырағын сынамастан бұрын бір сəт оның бас қайғысынан хабарың бар ма? Төкеннің қиындығын көріп, мұңын мұңдап, жоғын жоқтаспағаннан соң оның жеке өмірінде не шатағың бар?! (Қатты айтсам кешіріңіздер). Бастысы халыққа боямасы жоқ қоңыр дауысы, өзінің санасы жететін сөзге шамасы жететін əнді қосып бауы бүтін өнер туындыларын ұсынып жатыр. Халық үшін өнер адамының өнері маңызды емес пе? Əнші түгілі "Молданың айтқанын істе, істегенін істеме" деп атам қазақ пендешіліктің қаншалықты екендігін айтпап па еді? Бəріміз пендеміз ғой, жəне сол пендешілікпен біреуден мін іздейміз. Балағаттаймыз, өзімізден кем сияқты төрден есік алдына сүйреп шығарып тастаймыз... Бұл пенделігіңе не дейсіз? Пенденің бəрі тең емес пе еді?!
Өнер - көкжалдар мекені сияқты. Бірін-бірі жұлып жеп, бақталастықтың құзар шыңына жеткен уы ащы, жұмысы қиын, сөзі көп, бірақ ол "асхананы" іштен жауып қойып сыртқа, жұртшылыққа қызылды-жасылды мереке ұсынатын аймақ. Жалғыз Төкен емес, қазақтың жүгін арқалап, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген азаматтарымыз бағаланса екен деймін. Ана бір-бірінен айырмасы жоқ шайтани би билеп, ібілістен əрмен боянып, көрген адамның құтын қашыратын қыз-жігіттер, құрсын, олар да бір əулиеттің үкілеген үміттері еді ғой, перілеп қақпағанда... Алла оларға хидаят беріп, хағын тануға бұйыртсын. Ал бүгінше, барыңды бағалашы. Төреғалилар жүздеп, мыңдап туылуы мүмкін, бірақ Əлиханов Төреғали Төреəли, біздің Төкенай жалғыз! Менің Төкеннің тыңдармандарына айтар уəжім осы. Бір кісілеп сөз таластырып "мен мықты, сен мықтыға" салып дау-дамай боп жатыр. Қолды бір сілтеп, сабырмен қарап отырсаң сол буырқанған дауыл өз-ақ дамылдайды. "Ит үреді, керуен көшеді"... Сыйластық пен мейірім бітпесінші... Өз-өзіміздің жүйкемізді тоздыра бермей, Абай атам айтпақшы "Адамзаттың бəрін сүйейік - бауырым деп"!!!
Біраз тарих қозғалып, архивтегі суреттер ақтарылды))), Назарларыңызға рақмет! Алланың нұры жаусын!