«ТОР»
блог
16 қараша күні Шахмет Құсайнов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында «ТОР» атты қойылымы болып өтті. Жалпы осы қойылымнан алған әсерімді бөліскім келіп отыр.
Тор... Қапас... Өкініш... Өлім..
Қараңғы қапаста тордың ішінде аласұрған адамдар. Бұлар кімдер? Тордың ішінде не істеп жүр? Қолдары қалтырап Бірде темекіге таласып, бірде шөлмекке таласса, енді бірде шприцке таласқан нашақорлар. Бір рет көрейінші деп өмірдің өтірік ләззатына бөленіп, осы қатал дертке шырмалып қалған әркімнің әрқилы тағдырлары. Жан алқымға келгенде торға түскен торғайдай тыпыршып, Арыстандай аласұрып, өмірді қимай, өкініштен өзегі өртенді. Бірақ барлығы да кеш... Өкінгеннен ештеңе өзгермесі анық. Өздері өлік екенін түсінгенде ғана барлығы да оңбай қателескенін түсінді.
Жалпы айтқанда қойылымнан үлкен әсер алдым, өмірлік, тәрбиелің маңызы бар дүниеге куә болдым.
Қазақтың мұзбалақ Мұқағалиы жырлағандай:
Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен,
Не пайда дәтке қуат бекінгеннен.
Алайда Емханада көз жұмғаннан,
Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген.
Ия, бүгінгі таңда нашақорлық пен ішімдік қоғам дертіне айналған заман. Өзіңді өкінішке, өзгелердің санаңды улауға жол берме! Салауатты өмір салтын ұстан! Рухани жаңғыруды өзімізден бастайық!