Топас білім беру жүйесі..
блог
Сәлеметсіз бе құрметті достар! Бүгін мен біздің еліміздің білім беру жүйесін талқыламақ болып тұрмын. Бұл ой толғау ешқандай қарсылық емес, бұл менің жеке ойым және де осы мәселеге әркімнің өз ойы бар деп ойлаймын.
Ал енді елестетіңіз, мен 11-шы сынып оқушысымын. Менің сыныптастарым, ата-анам, ұстаздарым - барлығы ҰБТ-ға дайндалып, дайндыққа итермелеп жатыр. Бір сөзбен сипаттағанда, айналамның барлығы - абыр-сабыр. Осы кезең, елдің айтуы бойынша - болашақты шешетін сәт. Мен болашақта айналасатын кәсібімді шешетін пәнмен қоса, басқа пәндерге дайндалу керекпін. Ал енді, біреу ұмытып кетсе, еске салайын, менің жасым 16-17 шамасы. Мен әлі өмір көрген жоқпын. Қандай жұмыс маған шынымен ұнайтынын қайдан білемін? Әрине білмеймін, білгімде келмейді. Неге дейсізбе? Өйткені, мен ересек баламын. Менің ойым далада, қыздарда, қыдыруда, ел-жер тануда! Адам сүйікті ісін таңдау үшін, бірінші оны танудан бастау керек. Ол өз көзімен барлығын көріп, дәмін татқанда ғана өзіне сүйікті ісін табады. Менің ойымша, осы өмірдегі әр дана өз сүйікті ісімен айналасу керек. Сонда ғана ол бақытты болады.. Баршаға ең үлкен тиімділін көрсетеді.. Адамзат дамуына үлкен үлес қосады. Өзіңіз ойланып көріңізші, қаншама адам табыс үшін ғана жұмыс істейді? Қаншама адам өз кәсібімен байланысы жоқ жұмыспен айналысады? Біреулер айтуы мүмкін, басқа елдерде де солай, тыныштықты өзгертіп қайтесін деп? Бірақ, айтарым - осының барлығын өзгертуге болады. Неге өзгертпеске? Қазіргі білім беру жүйесіне "альтернатива" ойлап табайық! Менде біршама ойлар бар, ал сіздерде?