"Томыртқа" асы қалай дайындалады?

"Томыртқа" асы қалай дайындалады?
жеке
блог

Армызыдар достар! Бүгін Ернар бауырымның берген эстафетасын ары қарай жалғастыру арқылы өз блогымды жария қылуды жөн санадым. Ежелден бері салт пен дәсүрге айналып сары майдай сақталып келген көне мұралардың біздің заманымызға келіп ұмытылып бара жатқаны ойландырары анық. Осы бір басталған эстафета арқылы көптеген ұмыт болған салт-дәстүр мен тағамдардың атымен таныс боламыз деп ойлаймын.

Мен бүгін ұмыт болған тағамның есімімен сіздерді таныстыруды жөн көрдім. "Томыртқа"  деп аталатын мына бір тағам соңғы кездерде ұмытыла бастаған ұлт асының бірі. Жасалу жолы да оңай. Қыстың күндері семіз соғым етінен кейін, кісілерге "ет - етке, сорпа - бетке" деп кесе-кесе сорпа әкеледі. Осы ыстық сорпаға бір түйір мұз тастап жіберсе бір ыстық, бір суық сорпа араласып оның дәмі де сәл өзгереді. "Томыртқа" деп осыны айтады. Бұл әрі тағам, әрі шөл басатын сусын.

Біреу өз елін, жерін, дәстүрін сағынғанда: "Жоқ бізге енді омытрқа, көзден ұшты-ау томыртқа", - деп қамыққан екен. Көненің көзін көрген қариялар білмесе, бүгінгі жастар үшін бұл тағам жұмбақ екені мәлім. Ал, келесі кезекті осы бір жоғалған салт-дәстүрді жаңғырту үшін Гүлжанар Жарқынбекқызына ұсынамын.