Томпанияның тағдыры енді кімнің қолында?!

Томпанияның тағдыры енді кімнің қолында?!
жеке
блог

 

«Қазақстан дауысы» байқауының жеңімпазы Шахаризат Сейдахметов өзіне тиеселі бас жүлдені әлі күнге дейін алмапты, деп жазады «ДАТ» газетінің тілшісі Динар Камилова. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанды шулатып қоя берген, дауыстарды жинатып ала берген бұл жоба, халықты рушылдыққа бөліп, интернет форумдарда өздері қолдаған қатысушылары үшін ауыз жыртысып жатқан жағдайғада куә болдық. Қазылар алқасының мүшесі, Шахаризаттың тәлімгері болған, сөздің майын тамызып, жұрт баласы атанған Нұрлан Албан, дәстүрлі әнші үшін, ел үшін, жер үшін деп, не керек, дауысты сұрап алып жатты. Сондағы бұл жобаның халыққа берерінен, алары көп болды-ау шамасы. Жоба аяқталысымен, Қазақстан дауысының ұйымдастырушылары да, Томпанияның көкесі де продюсерлік қолдау туралы тіс қатпай, ат іздерін суытыпты. Өз сұхбаттарында Шахаризат мырза бұған қатты қапалы емес екенінде айтып жатыр. Дегенмен, шарт бойынша белгіленген 5 миллионы шығармашылығына көмек ретінде бұйырса екен дейміз. Ал, екінші орынды місе тұтқан, Сары-арқаның сары жігіті - Тимур Омаров эстрададағы жолын бастап кеткенге ұқсайды. Алмас Кішкенбаев жетекшілігінің арқасында Тимур алғашқы бейнеклипін түсіріп үлгеріпті. Роза Мұқатаевада қазақ эстрадасындағы бағын сынамақ болып жатыр. Интернет желілерінің бірінде Роза өзінің музыкалық продюсерінің Али Окапов екенін атап көрсетті.