"Томиристің" Мөлдірімін... (байқау)

Сәлем,достар!

          Өздеріңмен бірге тағыда сол баяғы "Томиристің" Мөлдірі)

Міне,үшінші блогымызға да кезек келді.Алдыңғы блогымда өз мақсаттарым туралы жариялаған болатынмын.Енді сол мақсаттарыма қалай қол жеткізіп жатқаным туралы сәл көз жүгіртіп жіберсеңіздер...

Менің бірінші мақсатым-Түрік тілін меңгеру болатын.Белгіленген уақыт мерзімінде түрік тілінде сөздер жаттауым керек болатын...

Міне,еңбегімнің нәтижесінде түрікше амандасып,сөйлей аламын.Осы уақытта жаттаған сөздерім мынадай:

Merhaba,nasılsın?-Сәлем қалайсың?

Günaydın!-Қайырлы таң!

Hoşgeldiniz!-Қош келдіңіз!

Iyiyim!-Менде бәрі жақсы!

Çok teşekkür ederim!-Саған үлкен рахмет!

Sen Türkçe için biliyor musun?-Сен түрікше білемісің?

Kaç yaşındasınız?-Қанша жастасың?

benim bir arkadaşım-Менің досым

Kardeşim!-Бауырым!

Осындай күнделікті тірлікте қолданар үсақ-түйек сөздерді үйрене келе,сіздерге Түрік тілінде сәлем айтамын!)

Merhaba, Massaget! Ben Irgizdan merhaba deyin!

Осылайша,түрік тілін үйрену мені аса қызықтырды.Сіңілім екеуміз түрлі түрікше бейнебаян-дәрістер алдық.Қазақ тіліне ұқсайтын болғандықтан ба,түрікше үйрену мен үшін қиын болған жоқ.Әрі өзім де түрік сериалдарын сүйіп қарайтын болғандықтан оңай игеріп кетемін деген сенімдемін!

 

Екінші мақсатым-астрономия саласы.

Кішкентай кезінмнен бастап жұлдыздар әлеміне қатты қызықғатынмын.Әжем де ылғи жатарда олардың неліктен сондай жұлдыз болып кетуін ертегімен жеткізгенде маған астрономия ғылым саласы емес,ертегі әлеміндей болып көрінетін.Сондағы менің байқағаным,көбінесе астрономияның негізі жұлдыздар ғана емес олардың шығу тарихы.Біз оларды Грек мифтері деп атаймыз.

Грекияның бас құдайы Зевс – бәрінен бұрын найзағай мен күн күркірінің әміршісі. Ол аспан секілді құбылмалы, ол әр минут сайын әр түрлі кейіпке енеді. Ол қар мен жаңбырды жібереді. Зевс – аса құдіретті құдай. Зевске ешбір құдайдың әлі келмес еді, есесіне Зевстің бір өзі барлығына бірдей төтеп бере алады.  Өзін ашуландырған адамдар мен құдайларды құдіретті Зевс алтын жебелері көкке жұлдыз ғып жібереді-мыс.

Келесіден бастап мен тарихи кітаптардан жалпы Грекияны,онымен қоса жұлдыздар әлеміндегі мифтердің рөлі жайлы айтатын боламын)

Үшінші мақсатым-Джон Голсуорсидың шығармаларын оқу болатын.Мен бұл драматургтың "Во всем нужно видеть хорошую сторону" атты шығармасын алдым.

 

Жалпы мазмұнына келер болсақ,бұл оқиға Англияда өмір сүріп жатқан Геррарт пен оның әйелі Долли жайлы.Екеуінің 4 баласы бар.Үлкен Дэвид,және 3 қызы.Екі үлкен қызы обамен ауырады.Кішкентайы Виолетта да сау емес...

Геррартың ұлты неміс.Ал Долли-ағылшын.Алайда,бұл жас-жұбайлардың бақытын бұза алмаған.Бұза алмас та еді егер сұм соғыс келмегенде...

Үлкен баласын соғысқа аттандырған Геррарт пен Долли мұңайып жүргенде оларға тағы да бір қауіп төнді.Геррартты халық жауы,шпион,алаяқ деп атады.Өйткені ұлты неміс болатын.Оны түрмеге алып кетті.Үлкен қыздарын емдетуге ақша керек болды.Осындай қиыншылықтың бәріне де Долли қарсы тұрып тек қана "Жақсы жақты көріп,оған ұмтылу қажет" деген қағидамен жүреді.

Ұлы соғыстан оралмайды,ал күйеуі түрмеден жазылмайтын ауру болып келді,қыздары да өлім аузында жатты.

Долли өте көп қиыншылық та көрді.

Доллидың аузынан тек бір ғана нәрсе түспеді-"Әрқашан жақсы нәрсені ғана көру керек..."

 Шығарма тым аянышты. (Негізі мен тым көңілшекпін) Жылап та алдым.

Енді драматургтың "Сән" атты шығармасын оқитын боламын.

Мен мақсатыма қол жеткізу үшін білімімді жетілдіре түсемін.

Келесіжолы сіздерге видеролик арқылы түрікше сәлемдеме айтып жіберермін)

Назарларыңызға көп-көп рахмет)



Бөлісу: