Томиристің еркелері: "Достығымыз мәңгілік болсын!"

Томиристің еркелері: "Достығымыз мәңгілік болсын!"
жеке
блог

Осы уақытқа дейін байқауды бағалап, жақсы-жаманын саралап келе жатқан Массагеттік оқырмандар, Қарлығадай сұлу жетекшінің ақылды қыздарынан жалынды СӘЛЕМ!

"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауының арқасында үлкен дәрежелерге жетіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен бір топқа бірігіп, айырылмастай асыл достар таптық. Бүгінге дейін Қарлыға әпкемізден көп нәрсе үйрендік, көп жайтты ойымызға түйдік. Осындай ақылы мен парасаты биік жетекшіміздің болғанына ризамыз. Сонымен қатар, байқауға қатысушылардың бос уақытын тиімді пайдаланып жатқаны үшін де Массагеттік қызметкерлерге алғысымыз шексіз.

Байқаудың аяқталуына аз ғана уақыт қалды. жазғы демалысымыздың екі айын Массагетпен бірге тәмамдадық. Шерхан ағаның "Хан Tengri" тобы бастаған эстафетасы бізбен жалғасын таппақ. Яғни, Масагетке, осы байқауға қалай келдік, жетекшімізбен қалай таныстық? Міне, біздің бүгінгі блогымыздың төркіні осы орайда болмақ. 

Құрманбекова Гүлдәрі: Мен Массагетпен жаңа құрылып жатқан кезінен бастап таныспын. Сол кезде ылғи компьютерге отырсам болды, осы сайтқа кіретінмін. Ұнемі керек ақпараттың бәрін осы сайттан алып, күнделікті жаңалықтарды оқып отыратынмын. Қарлыға Бүйенбай, Мейіргүл Өңғарова, Ардақ Құлтай, Еркебұлан Қайрахан, Жолдас Өрісбай, т.б. журналисттердің мақалаларын оқып, өзіме керегімді алатынмын. Кейін оқуыма байланысты бір жылдай Массагетке кіре алмай жүрдім. Тек осы жылғы демалыста ғана "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауын көріп қалып, "неге қатыспасқа?" деген ой келді. Содан өзімнің Қарлыға әпкенің тобына барғым келетінін айтып, аты-жөнімді жазып жібердім. Сөйтіп, Қарлыға әпке барлығымыздың басымызды қосты. Байқаудың басынан ауызбіршілігімізді сақтап, бір-бірімізге деген сыйластығымызды нығайтып, барынша қолдау көрсетіп, қамқор болып келеді. Сол үшін, жетекшімізге алғысым шексіз! 

Маратова Гүлнұр: Сәлем массагеттіктер! Бірден эстафета сауалына тоқталайын. Мен негізі бұл сайысқа кездейсоқ келген жанмын. Бірде Массагет сайтын қарап отырсам, көптеген массагеттіктер байқауға арман – мақсаттары жайлы жазыпты және жақша ішіне (Байқау) деп жазыпты. Мен «бұл қандай байқау екен? Қатысуға бола ме екен?»-, деп, ұзақ ойландым. Бір кезде «Томиристіктер барлығына сәттілік тілейді» деген блогты көзім шалып қалды. Сол блогты ашып оқып едім, аяқ жағында топқа 2 қыз қабылдайтыны жайлы жазыпты. Менің сол кезде қалай қуанғанымды көрсеңіз. Құдды бір жерден жеті қоян тапқандай, қуанышымда шек болмады. Ал енді Қарлыға Бүйенбай атты жетекшімен сөйлесу керек болды. Массагеттегі профилін тауып, хат жолдап едім, жауап қайтпады. «Томиристіктер барлығына сәттілік тілейді» деген блогтың астына пікір ретінде тағы қалдырдым. Бірақ тағы да үнсіздік. Уақыт болса, өтіп жатыр, жауап жоқ. Ерте қуанып қойдым ба деп те ойландым. Сөйтіп кешті де батырдым. Түн. Сағат 23:30 –дар шамасы болуы керек. Қарлыға Бүйенбай атты жетекшінің ВКонтакте желісіндегі парақшасын тауып алып, достық жібердім, бағыма орай онлайн екен. Хат жолдадым. Жауап берді. «Бірнеше шарттарым бар. Қазір жазуға қолым тимей жатыр. Ұялы телефоныңның нөмірін қалдыр. Телефон арқылы сөйлесеміз» деді. Мен нөмірімді бердім. Жүрегім атқақтап тулап кетті. Қолымда ұялы телефоным. Ешқандай қоңырау келмеді. Бір кезде апай «кеш болып кетті ертең хабарласамын» деді. Түнімен Алла Тағалладан «Томирис» тобына кірсем ғой деп тілеп шықтым. Алла Тағалланың қалауы болса керек, ертесіне кешкілік Қарлыға апайдан қоңырау келді. Аз ғана уақыт сөйлестік. Блогыңды дайындап шығара бер, «Томириске» қош келдің» деді. Мен қатты қуандым. Міне, мен байқауға осылай келдім. Негізі менде басқа қатысушылар секілді таңдау болмады. Бірақ Қарлыға апайды таңдағаныма еш өкінген емеспін өкінбеймін де. Өйткені Қарлыға апай менің әпкемдей болып кетті. Жалғыз мен ғана емес «Томирис» тобының қыздары да Қарлыға апайды туған әпкесіндей көреді. Апай сондай мейірімді, бар білгенін бізге үйретуге әзір, табанды жан. Сізге тек творчествалық табыс тілеймін! Бақытты болыңыз!

Сапарова Назым: Мен Массагет.кз ойын- сауық порталының тұрақты оқырманымын. Жетінші сынып оқып жүргенде, маған айран туралы мәлімет қажет болды. Гуглға айранның пайдасы деп жазып едім, массагет.кз порталынан өзіме қажетті ақпаратпен таныстым. Осы сәттен бастап, массагет-ке күніне 1-2 сағат уақытымды бөліп, мақаларды, жаңалықтарды оқыдым. Бір жылдай осы порталда қонақ болдым. Кейін тіркелуге келгенде, тіркеле алмадым. Біресе компьютерім қатып қалады, біресе ғаламторым істеген жоқ. "Жә, жарайды" деп жүре бердім. Әр мақаланы оқып,сыныптастарыма, сабақта айтып жүрдім. Достарым маған "Массагет" деп ат қойып алды. "Осы МАссагт сенің ауруын " деген кездері де болды. Ал менің осы порталға қызығушылығым күннен күнге артты. Қателеспесем, былтыр күз кезінде осы порталға тіркелдім. Қуанышымда шек болмады. Содан кейән мақаларға өз ойымды емін-еркін білдіріп, пікір жаза бастадым. Блогтарға да назар аударып, өзім де блог жаздым. Әдеттегінше, жаздың шуақты күні сүйікті порталыма кірсем, көзіме бірден "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауы назарымды аударды. Байқау шарттарымен танысып, осы байқауға қатысқым келді. Жетекші таңдау барысында, қатты қиналдым. Шынымды айтсам, барлық жетекшілер жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. Ойлана келе, мен Қарлыға Бүйенбайды таңдадым. Қарлыға әпкені сырттай мақалаларынан таңушы едім. "Алтын ұя" айдары менің ең жиі оқитын, сабақ оқу барысында көп септігін тигізетін. Байқау басталған күннен бастап, Қарлыға әпке бізді вконтакте әлеуметтік желісінен тауып, телефон нөмірлерімізді алып, хабарласты. Әр блогымызды шығару барысында, бізге ақыл кеңес айтып, нұрлы жолға бастады. Тобымыздың қыздары Қазақстанның түкпір-түкпірінен құрамдалған. Осы топтың мүшесі болғаныма қуаныштымын. Гүлдәрі, АРай, Мөлдір, Әсем, Жансая, Гүлнұр, Ырысгүл - сендердің ойсарлы орындарын менің жүрегімде мәңгі сақталады. Ақкөңіл, жайдарлы, ақылдарына көркі сай құрбыларымның барына ризамын. Топ капитанын болмай-ақ қойсын деп едік. Алайда, байқаудың шарттары бойынша капитан сайлау қажет болды. Біз дауыс беріп, Гүлдәріні таңдадық. Таңдауымызға қателескен жоқпыз. Осы байқаудың арқасында жазғы демалысымды пайдалы өткіздім.Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Болашақта өзім де журналист болғым келеді. Сіздердің жолдарыңыз маған да жұғысты болсын. Алматыға жолым түссе, Массагет.кз порталының кеңсесіне барып, өздеріңізбен жүздескім келеді. 
Байқауға қатысушыларға сәттілік тілеймін!

Баймахан Арай: Мен Массагет порталының тұрақты оқырманымын. Мен Массагетке қалай келдім: бірде ғаламтордан махаббат жайында өлеңдер іздестірдім барлық мәліметтерді көре отырып массагет сайтына қалай кіргенімді байқамай қалыппын біраз өлеңдерді көрдім содан соң түрлі айдарларға көзім түсті біраз психологиялық тесттерді шешіп көрдім, Қарлыға әпкенің есімін сол тесттердің астынан жиі оқып тұратынмын, қызықты блогтар оқитынмын, әсіресе Айкоша Балтахаева әпкенің қызықты әңгімелерін ауылдағы естеліктерін жібермей оқитынмын. Содан соң сыршыл әпкем Гүлжан Серік болатын әрбір мұңлы блогын оқып көзіме жас ұялайтын, жанына барып сырласқым келетін, тіпті сол кісі менің әпкем болса деп армандайтынмын. Және тағы Мейіргүл Оңғарова әпкемнің орны тіпті бөлек, айтқан әуендерін тыңдап алатынмын. Сол секілді Мақпал Төребекқызы, Есіл еркесі деген аттағы әпкелердің де блогтарын үзбейтін едім. Массагетке бір күн кірмей қалсам екінші күні бәрін толықтырып отырдым. Бірақ, бір әттеген – айы мен сол кезде қанша блогтарға пікір білдіргім келді бірақ тіркеле алмадым. Уақыт өте 9-мамырға оқушыларға соғысқа қатысқан туыстары туралы шығармалар шығатынын көрдім, сол сәтті пайдаланып өзімді ардагердің немересі екенімді айтып мақтануды жөн санадым. Алғашқы блогым атам туралы болды. Содан соң осы демалыста «Мақсатыңа Массагетепен бірге жет» деген байқауды көрдім. Қатыстым. Үздік жетекшілердің бірі Қарлыға Бүйенбайдың тобына қосылдым.
Ал енді Қарлыға әпкені таңдағаным : мен жоғарыда айтып өткендей ылғи тесттер шешкенді ұнатып отыратынмын ал сол тесттердің астыннан Қарлыға әпкенің есімін оқитынмын әрбір тест шешкен сайын менің қандай екенімді сол кісі біліп отырғандай сезініп жүрдім. Осы байқауда жетекшілерді көргенде менде екі таңдау болды: Нұрбол Нұрмаханұлы мен Қарлыға Бүйенбай. Не де болса қыз бала болған соң Қарлыға әпкені таңдадым. Таңдауыма еш өкінбейм Қарлыға әпке әрдайым көмектесіп, қолдау білдіріп отырады. Осының арқасында тобымызда ұйымшылдық бар ұйымшылдықтың арқасында жеңіске жетіп келеміз. Байқаудағы жетекшілердің бесеуі де білікті жеткешілер бірақ та біз үшін Қарлыға әпкенің жөні бөлек. Рахмет!


Нұртуғанова Рысгүл: Мен тек қыздардан құралған команда Томиристың мүшесімін. Байқауға қалай келдім?? Менің үлкен әпкем осы сайттың тұрақты көрермені. Ол Массагетті көріп отырғанда "Байқау басталды " деген сөзді байқадым. Сол сәтте әпкемді анам шақырды. Ал мен дереу сол сөзді ашып қарадым. Қарасам жасақталып қойыпты. Тағы бір блогтан жетекшілерді байқадым. Көзіме " Арпа ішіндегі бір бидайдай" болған Қарлыға апай көрінді. Неге екенін білмеймін сол кісі тарттыда тұрды. Үстіндегі қызыл жейдесі сол көргеннен әлі есімде...  

Содан пікірге лезде "мен сізді таңдаймын, Қарлыға апай"деп жаздым. Міне, бары осы.

Жолдасова Әсем: Менің Массагет сайтына тіркелгеніме шамамен бір жылдай уақыт болды. Алғаш рет кіргенімде ұзақ отырдым. Ол кезде Массагет қазіргідей емес еді. Көз тимесін қазір сайт дамып ауқымы кеңейіп келе жатыр. Сайтқа кіргенде алғаш рет Қарлыға әпкенің мақаласын оқыған болатынмын. Уақыт өте келе тіркеліп те алдым. Байқау жайлы айтар болсам әдеттегідей Массагетке кіргенімде бірінші болып тұр екен,басып көріп едім оқушыларға екенін байқадым.Жетекші таңдау өз еркімен деп жазылыпта бірден Қарлыға әпкені таңдадым себебі Массагеттегі жалғыз білетінім осы кісі еді. Біздің топ тек қыздардан құралған.Біздің басқалардан ерекшелігіміз ол біздің бірлігіміз дер едім . Топтағы қыздармен жақсы араласып кеттік.Бірлік болған жерде барлығы болады.Басқа топтарға сәттілік, ал өзімізге жеңіс тілеймін!

.

                                                    Мақсатымызға Массагетпен жетеміз,
                                                    Тек қыздардан құралған топ екенбіз.
                                                    Тобымызды Томирис деп атадық,
                                                    Сақ ханшасы секілді біз жеңеміз.

Байқауда сәтті өнер көрсетіп, бастапқы орындардың қатарында келеміз. Жеңістен біз де үміттіміз. Мейлі, байқау нәтижесі ойымыздағыдай болмаса да біз ешқашан мұңаймаймыз! Себебі, осы байқаудың арқасында көп нәрсе үйрендік. Қарлыға әпкеміз айтпақшы, бастысы біз өз-өзімізді жеңе білдік. Біз,Томиристіктер ең ұйымшыл, бірлігі жарасқан топ болып қала береміз. 

Эстафетаны одан әрі жалғастыру үшін таяқшаны Эрудиттіктерге береміз! Сәттілік!