Томирис пен Нарқызыл туралы ертегі (кезексөз)

Томирис пен Нарқызыл туралы ертегі (кезексөз)
жеке
блог

Тәуекел ханның айтуы бойынша жылдың соңғы күніне, яғни 31 желтоқсанның түнгі сағат 12 сіне дейін құтқармаса, Ерсайын жұмбақтастың бір бөлігіне айналып кетеді екен. Көкшенің  алыс екенін біле тұра, Томирис Ерсайынға қарай асыға шапты. Екі көзінен парлап аққан жасы нарқызылдың жалына түсіп жатты. Иесінің сезімін ұққан Нарқызыл да бар күшін сала қалың орман арқылы шаба жөнелді. Бұны алыстан байқаған Тәуекелдің ежелгі дұшпаны Мыстан  байқап қойды.

Дұшпанынан кек алудың қолайлы сәті екенін бірден түсінді. Сыпырғышына  асығыс отыра салып, Томиристің алдына жетіп барды. Мыстанның кенет алдынан ұшып  шыққанына  Нарқызыл үркіп, қарғып кеп қалды.  Жерге домалап түскен Томирис  шошығаннан мыстанның алдында қозғалуға шамасы жетпей тұр. Мыстан сыйқырлы таяғын алып Томириске көздеп еді, адал жылқысы ойланбастан Томиристың алдына тұра қалды. Таяқтан шыққан ұшқын Нарқызылға тиді де, оны кішкентай қоянға айналдырып жіберді. Бұл көріністен зәресі ұшқан Томирис қалың жыныстың арасына тұра қашты. Мыстанның сиқыры басым болғанмен қалың жыныстың арасынан сыпырғышы  өтпей, артынан қуып жете алмай қапыда  қала берді.

Алды артына қарамай жүгірген Томирис Нарқызыл үшін қатты күйінді. Бала кезінен бірге өскендіктен оны қимайтын еді. Көзінен аққан жасы жерге түсті. Міне қызық! Әр түскен жасы бір жапырақ қағазға айнала бастады. Бұл қағазда не жазылғанын, қағазды не үшін пайдаланатынын түсінбей абдыраған ол,  не болса да бұл Жаратқанның көмегі болар деген үмітпен жалма-жан жинай бастады. Жинаған қағазын қалтасына салып қойды. Көкшеге дейін жаяу жете алмайтынына қамығып, жақын жердегі иіліп өскен аққайыңның сағасына барып жатты. Жатқаны сол еді ұзын кірпіктері бір-бріне шатасып ұйқыға кетіп қалады. Ұйқысын  аспаннан түскен  әдемі әуен бұзады. Көзін ашса таңғажайып екі ақ  көгершін  құм сағатты  алып жеті қат көктен түсіп келе жатыр екен. Құмсағатты дәл Томиристің қолына әкеліп береді де екеуі көзден ғайып болады. Құмсағаттың қандай мақсатқа пайдалануға болатынын білетін Томирис көздерін тарс жұмып  "мені болашаққа апаршы" деп өтінеді.


Көзін ашса Алматының әуежайының алдында тұр екен. Жан жағында оның ерекше киіміне, таңғажайып сұлулығына қызығып әрі аяқ асты пайда бола қалғанына аң-таң болып қарап қалған адамдарды көреді.Олар қызға, ал өыз оларға бөтенсініп қарап тұрды. Томирис те үлкен қамалды (әуежайды) және ұшатын темір құстарды (ұшақты) көріп "не деген сыйқыр, бұл сиқыршылар елі шығар" деген ойға кетеді. Бір кезде топтың ішінен қолында чемодан ұстаған, басына қара қалпақ киген бар  қарияны көзі шалады. Бірден таныды. Ол сол кісі. Ерсайынды күймеге салып алып кеткен кісі. Жүгіріп барып қуана сәлемдеседі, алайда ол Томиристі мүлдем танымайтынын айтып таң болады. Томирис бұл ыңғайсыз қылығына  ұялып, қуыстанып қалады. Біраздан соң Томирис тағы тіл қатып Көкшетаудағы жұмбақтасқа бару керектігін, сүйіктісін құтқару керектігін айтып, қариядан жөн сұрайды. Қария өте мейірімді екен, түкке түсінбегенімен Томириске көмектесуді ұйғарады. Ұшақтың келесі рейсі жарты сағаттан соң ұшатынын, ұшаққа ақша төлеу керек екенін түсіндіреді. Қарияның қолындағы қағазды көрген Томирис қолын қалтасына салады да бір уыс қағазды шығарады. Міне керемет, көз жасы ақшаға айналған екен ғой сонда. Ұшаққа отырған Томирис Көкшеге қарай ұша жөнеледі.

Ары қарай Мақпал Сембай тарқатсын