Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Сұңқар Студенттер мен Магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен , ректорымыз Ғ.Мұтановтың "Айналаңды нұрландыр" жобасының аясында "ҚазҰУ студиясы" бағдарламасы болып өтті. Бағдарламамыздың қадірлі қонағы «Томирис» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса,псиxолог, кәсіби бағдарлаушы коуч, Орталық Азияның іскер әйелдер конгресін ұйымдастырушы комитет директоры Альмира Тұрсын болды.
Кеш қонағы болған Альмира Тұрсын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Эканомика және бизнес жоғары мектебі факультетінің түлегі , дәстүрлі түрде өткізілетін "Miss KazNU" жобасының жеңімпазы екенін айтып өткеніміз жөн. Студенттік шағының ыстық естеліктері сақталған бұл қарашаңырақтан шақырту келгенде сондай керемет әсерде болған екен.
Кездесу аясындағы сұқбат барысында Альмира Тұрсын алғашқы рөліне дайындығы, фильмге жарияланған кастингтен өту жолы, сондай-ақ түсірілім алаңында кез болған қиындықтары жайлы сыр шертті. Актрисаның айтуынша, басты рөлді сомдау үшін оған іріктеудің бес кезеңінен өтуге тура келген. Ол сыннан өткен соң, атқа міну, семсерлесу және кәсіби актерлік шеберлік дағдыларын меңгергені жайлы да айтып өтті.
Кейіпкеріміздің,айтуынша, патшайым рөліне дайындық та, оны сомдау процесі де оңай болмапты. Себебі, актерлік өнердің кәсіби шеберлерімен ойнауға тура келген. Ал,бұл Альмира Тұрсынның кино сахнасында ойнаған алғашқы рөлі еді.
Сондай-ақ, Альмира Тұрсын өзінің негізгі мамандығы жайлы айтып берді. Қызметі – коуч-кәсіби бағдарлаушы екен. Адамдарға өз қабілеттерін, дарынын анықтап, оларды тұлға болып қалыптасу жолында дұрыс әрі сапалы пайдалану жолын үйретеді. Сонымен қатар, Альмира Тұрсын өзін жан -жақты дамытып ,өзі қызығатын іспен айналысуды жақсы көретінін де айтты. Студенттердің «бұл мамандықты қалай таңдадыңыз?» деген сауалына, қонақ өзі де кезінде болашақ кәсібін ұзақ уақыт анықтай алмай жүргендігін айтты. Сондықтан, психология және өзге де қажетті салаларды меңгеріп, мамандық таңдауда тығырыққа тірелген жандарға көмектесуді ұйғарған. Өз кезегінде, Альмира Тұрсын студенттерге ештеңеден қорықпауға және өздерін жаңа бағыттарда сынап көруден шаршамауға кеңес берді.
Дана халқықымыз "Анасын көріп қызын ал " деп, бекер айтпаса керек. Бағдарламамызға Альмира Тұрсынмен бірге келген анасы Эльвира әпкемізде өзінің осы күнге дейінгі жету жолындағы түрлі жайттарын қызығушылықпен баяндап берді. Альмираның анасы Эльвира ханым сондай білімді, бала тәрбиесіне аса мән беретін, даналық пен даралықты бойына арқа тұтқан жан екені ашық әңгімесінен айқын білінді.
Кездесу соңында Альмира Тұрсынға Сұңқар Студенттер мен Магистранттар кәсіподағының төрайымы Шұғыла Бүрлібаеваның
атынан алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды.
Ғылым мен білімнің қайнар көзі , жастардың тұлғалық дамуының ордасы, асқақтық пен ұлылық белгісі,мемлекетімізде кадрларды дайындаудағы негізгі көшбасшысы ,талай қайраткерлерді тәрбиелеп шығарған Қазақстандағы ғылым ұстаханасының 85 жылдығына жүрек жарды тілегін білдірген Альмира ханым жоба соңында студенттермен естелік суреттерге түсті.Алатаудың бөктеріндегі мәңгі жас көркем калашықта білім алып жүрген жастар қандай бақытты еді...
Осындай тағылымы мол кездесулердің көп болуы студенттерге үлкен жол ашып, зор мүмкіндіктер сыйлайды.
РЫСГҮЛ ДАУТАНОВА.
ҚАЗҰУ,Тарих ,археология және этнология факультетінің 2 курс студенті.