"Том Сойермен балалық шаққа..."

"Том Сойермен балалық шаққа..."
жеке
блог

Америкалық жазушы, журналист, көсемсөзші, Марк Твеннің  (шын аты Сэмюэл Лэнгхорн Клеменс ) қаламынан туған  «Том Сойердің басынан өткен хикаялары» туындысы оқырманды қиялдың қанатына отырғызып, балалық шаққа жетелейді. Марк Твеннің ең табысты туындысы «Том Сойердің басынан өткен хикаялары» үш  түрлі кітап болып жарық көрген.  Алғашқысы «Том Сойер хикаясы» (1876 ж.), кейінгілері -«Том Сойер шет елде» (1894 ж.) және «Том Сойер ізші» (1896 ж.). Том Сойердің аты аталатын тағы бір туындысы «Гекльберри Финнің хикаясы».

том

Том Сойер сипаттамасы. Ел ішінде  басты кейіпкер  жазушының балалық шағында бірге ойнаған достарының бірі деген пікір бар. Ойынқұмар, өзгелердің алдында мақтангөй және жасампаз  бала. Оқиға барысында Томның нақты жасы көрсетілмеген.  Шамамен 9-14 жас аралығында. Уайымы жоқ, ғажайып әлемде өмір сүріп жатқан  XIX ғысырдың баласы.  Ең жақын достары- Джо Гарпер мен  тастанды - Гекльберри Финн. Том алғашында Эми Лоуренс атты қызға ғашық болса, кейін оның жүрегін Бекки (Ребекка) жаулап алады. Оның ағайыны- Сид және бөлесі Мэри бар.  Бірақ Том оларды онша ұнатпайды. Ол тәтесі Поллидің қолында тұрады. Өйткені анасы о дүниелік болып кеткен. Бос уақытында Том көп оқиды, әсіресе хикаяттарды оқығанды ұнатады. Ал, өзі бүкіл әлемді шарлағысы келеді.

томми

Театрдағы қойылымдары.

1963 жылы «Том Сойер» қойылымы Ригадағы ТЮЗ-да қойылған.

2013 жылы жастардың өнер театрында «Том Сойер хикаялары» шығармасы көрермен қауымға жол тартты.

Күнделікті қарбалыстан шаршап, балалық шаққа барып қайтқыңыз келсе, осы кітапты қолға алып, рухани ләззат алыңыздар!