Өзің жазбай жатып, бірнеше рецензия оқып тастағаннан кейін ойыңды жинақтау аздап қиын болып тұр, дегенмен мен өз ойымды білдіргім келеді.
Киноға бара жатқан кезде мынандай ой болды: Кино желісін аздап білгендіктен де, өзім сияқты толық қыздардың көңіліне кеп қалмай ма, біраз ренжітсе қайтеді деп ойладым. Мен ойлағандай, ой тастай алмады.
Рас, аты жер жарған продюссерден, елді бетіне қаратпайтын Баяннан рас ерекше дүние күткем. Бірақ, Еркін Рақышевтың деңгейінен асатын ерекше дүние көре алмадым...
Кино желісіне келсек, курстастары мен өзі ұнатқан жігітінің алдында масқарасы шыққан Айгүл 20 жылдан кейін әдемі аруға айналады. 20 жыл ішінде ол іскерлікте жеңіске жетіп, өз курстастары мен бұрынғы ғашығының алдында өзінің мықтылығын дәлелдемек мақсатында ауылдан сайлауға түспек болады. Бұрынғы жігіті Марлен екеуінің арасында депутаттыққа деген талас арасында, Айгүлге ауылдың қарапайым жігіті ғашық болады.
Ұнамағаны: киноның 2 сағат болғаны рас ішімді пыстырды, арасында күлген жерлерім болса да көбіне соткама телмірумен болдым. Ауылдықтарды соншалықты төмен деңгейдегі адамдар қылып түсіргені ұнамады. Мүмкін, мен үшін ауыл идеал болған соң ба? Айгүл Иманбаева сомдаған Айгерімнің күлісі, көріп отырған адамнан бір жеккөрініш оятады. КИноның Баянның өзін өзгеден жоғары қоятынын көрсеткісі келетінін паш еткендігі. Сценарийдің шет ел киноларынан алынғандығы. Табиғилық жоқ, дауыстардың басымды ауыртқаны. Киноның аяқ жағында не болғанын түсіне алмай қалдым
Ұнағаны: .... Баян. Азамат, кинодағы мақсатын орындай алғандығы. Жек көріп кете алдым. Ауыл адамдарының ақкөңілдігі, ауыл көрністері.
Жалпы бір барып көруге болады, дегенмен көңіліңізді көтеретіндей сергіп қайтпасаңызда біраз күлкілі сәттер сыйлай алады. 5/2,5.
Пы.Сы. Біраз жұлдыздарды тірідей көріп қайттым :)