Толқудан толқын....

Толқудан толқын....
жеке
блог
Толқын,толқын өмірдің асауы көп,
Толқын,толқын жастықтың жасауы көп.
Толқын,толқын тағдырлар асауласқан,
Толқын,толқын бейненің қашауы көп.
 
Толқын,толқын телегей теңіздердің,
Арасынан толқынның тең іздедім.
Теңсіздігі басымырақ толқындардан,
Тең іздедім,неге мен?неге іздедім?
 
Толқын,толқын,қуаласқан толқындар,
Ей толқындар!мен келемін толқыңдар!
Өзіме бұйырмаған дүниені,
Тартып алам сендерден сен қорқыңдар!
 
Толқын,толқын,толқынын жағалаймын,
Толқынын қарап отырмын жағажайдың.
Толқын-өмір,толқын-өрім бұратылған,
Толқынданба  өмірім қаламаймын.
 
Толқыннан ба жүректі жаралаймын,
Толқыннан ба, мен ешқашан қаламаймын.
Қаламаймын бәрібір қаламаймын,
Толқынданба мен саған қарамаймын.