Толғау

Біздің өмір толды ұрыс-керіске,

Қоғам қандай, не жағдайлар жүрісте?

Адам кетті жаратқанын ұмытып

Көп күнәні жібереді күн-көрісте.

 

Адамдармен қатынасты бұзбауға,

Шай ішуді көп уақытқа созбауға,

Батылымыз жете ме бұл заманда

Жетеді егер иманымыз боларда.

 

Егер біздер тілімізді қастерлеп

Дұрыс сөзді әсем сөзбен мәнерлеп

Жеткізсек те бір адамның ойына

Сауап болар әр адамның бойына.

 

Әдемілік табылар кей адамда

Түрде емес, жүрек деген қамалда

Сол қамалға жақсылықты енгізсек

Әсемділік болар жақсы адамда.



Бөлісу: