Жаз жүзіңнен жоғалыпты «күз» кеп, нұр,
Ашулысың, қабақта екі тізбек тұр.
Кешір күнім,сенің туған күніңе,
Дүкендерден таппай келдім іздеп гүл.
Гүл таппадым, бұл өзімнің қатемнен,
Уақыт аз,әкелер ем жат елден.
Анаңа да назымды айттым,өзіңді,
Ақпандатып дүниеге әкелген.
Сөздерің бал,көңілің көл,көзің нұр,
Аққайнардай ақтарылсын сезім жыр.
Тағдырымның мына маған сыйлаған,
Емеспісің жаным сенің,өзің гүл!?
Орап тастай алмасамда бүлдемен,
Өзіңе арнап жазбасамда күнде өлең.
Сағатқа да жетпей солып қалатын,
Сый болып па, тәйірі сол гүл деген?
Нұрды құйып өтпесемде төбеңнен,
Жан-жарымсың мейіріме бөленген.
Жыл айналып келген туған күніңе,
Өлмейтұғын гүл сыйлайын өлеңмен.
Бұлт үйірер ойда жоқта бұл тағдыр,
Қайғы көрмей,шаттық жырын шырқап жүр.
Өмірдегі адал жарым бол менің,
Бұл тілегім, болсын саған бір тал гүл.
Жанұяма сыйлап жылу,жарасым,
Биіктесін бақытыңның бағасы.
Бір тал гүлді ұсынайын тағы да,
Балдарымның бол мейірімді анасы.
Көңіл тулап, толқынындай теңіздің,
Тағы бір тал арнап саған мен үздім.
Ел-жұртыңнан бата қонған басыңа,
Әулетімнің келіні бол ең ізгі.
Сүю деген,білсең жаным сынақ, серт,
Әр тал гүлім тұрсын саған ұнап тек.
Бас айналып бағасынан бақыттың,
Сосын менің құшағыма құлап кет.
Бүгін сенің туған күнің, нұрлы шақ,
Өмір ылғи ұсынсыншы жырлы сәт.
Әр шумағын бір-бір талдан қабыл ал,
Саған ӨЛЕҢ-ГҮЛ сыйладым бір құшақ.