Тоғызқұмалақ ойнай білесіз бе?!
блог
"Қойшылар ойыны" немесе "Көшпенділер ойыны" деп аталатын еліміздің ұлттық ойыны тоғызқұмалақ ойыны жайлы не білесіз?!
Қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі – тоғызқұмалақ ойыны. Тоғызқұмалақ - дүниежүзілік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адамның ой-санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше ықпал етеді.
Тоғызқұмалақ – ертеде қазақ даласына ерекше таралған, бүгінгі күні әлемге әйгілі, кең танылған төрт мың жылдық тарихы бар озық рухани мұра. Қазақ халқының ілкі тектерінен бастап, сақ, ғұн, көктүріктерден қазіргі күнге дейін жалғасып келе жатқан ұрпақтар үндестігінің рухани көрінісі.
СТВ арнасындағы "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" бағдарламасының кезекті саны тоғызқұмалақ ойынына арналмақшы. Қызықты ойын жайлы көбірек білем десеңіз, СТВ арнасын сейсенбі күні сағат 22:00-де қосуды ұмытпаңыз, қымбатты көрермен!
Сурет: alashainasy.kz