ТОҒЫЗ ЖҮЗ ГРАММ НЕМЕСЕ АЛТЫННЫҢ САЛМАҒЫ

ТОҒЫЗ ЖҮЗ ГРАММ НЕМЕСЕ АЛТЫННЫҢ САЛМАҒЫ
жеке
блог

Күз. Қыркүйек. Сары дала. Суық күн,

Ата жолын, әке жолын қуыппын.

Құрсағына сыймаған соң анамның,

Жеті жарым айлығымда туыппын.

 

Қодарынан шипа тауып тағдырлар,

Жүкті анаға көмек етіп сан жылдар.

Мені көріп естен тана жаздапты,

Менің кіндік шешем болған доғдырлар.

 

Күн кешуім доқтырларға күмән боп,

Мен туыппын шырылдап та жылау жоқ.

Естен танбай қайтсін енді көрмеген,

Туған жанды тоғыз жүз – ақ грамм боп.

 

Анашымның жанарына мұң қадап,

Үн шықпаған маған бәрі мың қарап.

Әкешімнің қанын әкеп құйғанда,

Шар – шар етіп жылаппын кеп іңгәләп.

 

Жаялыққа құндақтапты мені орап,

Анам мені жыласам да аялап.

Туған – туыс күрсініпті мамасын,

Еме алмаған байғұс – ай деп мені аяп.

 

Сүтін беріп, деп жалынып: "Емші енді!", -

Анам үзбей үміттерін ең соңғы.

Туғандардың айтуынша ас қасық,

Көлеміндей болыппын ғой мен сорлы.

 

Елі атап жас болса да ақын дүр,

Баққа балап көрген барлық сәтін нұр.

Сөйткен бала мектебін де бітіріп,

Еуразияда бірінші курс оқып жүр.

 

Поэзияға кішкентайдан құмар мен,

Шабыт алып жүрегіне жыр - әннен.

Ал доқтырлар білмеген – ау салмағы,

Саф алтынның өлшенерін граммен.

 

Өмірінің жырдан іздеп жамалын,

Тіпті таудан биік болып талабым.

Абай менен Мұхтарлардай халқымның,

Саф алтындай ұлы болсам жарадым.

 

Үлкен жігіт – жылауық ұл кешегі,

Ақылы бар аз да болса көшелі.

Алтын ұлды дүниеге әкелген,

Анашымның маңдай бағы бес елі!                   

23.11.2010 жыл