Тоғыз жау
жеке
блог
блог
Ата-бабаларымыз елдің қорғаны, халқының қамқоры ер жігіттің тоғыз жауын атап, одан аулақ болуды насихат етіп сақтандырған екен.
Бірінші: Басты жауы - жалқаулық ,
Сорлататын жаныңды.
Екінші: Осалдығың - анқаулық ,
Соқтыратын саныңды.
Үшінші: Жасқаншақ болсаң, ұры алар,
Қоралап қойған малыңды.
Төртінші: Жалатқызбас жасықтық,
Аузыңдағы балыңды.
Бесінші: Өтірік айтсаң өңмеңдеп,
Жоғалтасың арыңды.
Алтыншы: Өсек терсең телмеңдеп,
Суға кетірер салыңды.
Жетінші: Көпірме босқа мақтан қып,
Түкке тұрмас барыңды.
Сегізінші: Көрінгенге жалтақтап,
Бола алмайсың жағымды.
Тоғызыншы: Біреуді алдап - арбаумен,
Аша алмайсың бағыңды.