Тоғыспаған тағдырлар...

Автовокзал... Көрші ауылдағы нағашымның ауылыңа қонаққа баруға жолға шыққан бойым еді.Келсем күткен автобусымның кешігіп жатқаныңа қарағанда шамасы мен ерте келіп алдым-ау деп, өзіме-өзім күбірлеген бойда жанымда тұрған газет-журнал дүкеніне кіріп газет алмақ оймен кірген болатынмын,жолда аз да болса уақытты өткізу үшін. Орташа бойлы, күлім көзді, жанары ботадай жанып тұрған бойжеткен қызды көргенімде бойыма ток жүріп өткендей селт етіп тұра қалдым тұрған жерімде.

 -Сәлеметсізбе! Сізге қандай көмегім керек еді,-деп нәзік дауысымен үн қатты.

 -Мен...мен әлгі анау тұрған газетті алайын дегем,-деп сөреде тұрған бір газетке қол нұсқадым. Сол сәтте бойжеткен қыздың "мүгедек" арбасын итеріп жүріп, мен айтқан газетті алып берді. Оның мынандай күйде отырғанын көріп, не дерімді білмей сасып қалдым. Газетімді үнсіз қолыма ұстаған күйде рахметімді айтып сыртқа шығып кеттім. Сыртта біраз тұрып әлгі қыздың жылы шырайы жадымнан кетпей қойды, не де болса танысуды жөн санап қайтадын ішке кіріп жаныңа жақындап:

 -Кешіріңіз,-сізбен танысуға бола ма? Есімім-Қанат деп қолымды ұсындым. 

Бойжеткен қыздың да қарсылық білдірмей қолын созып, өзінің есімін Жансая деп таныстырды. Осылайша қос жүректің  шынайы сезімдері...шынайы махаббаттары осылай басталды. Екеуінің бірге саябақтарда қыдырған кездерін көріп басқалардың назары екеуінде болатын еді. Қанаттың "мүгедек арбасында" отырған Жансаямен көрген біреулері іштей сүйсініп қараса, енді біреулері аяушылық танытып таңырқап жатты.

Қанат-бір үйдің жалғыз ұлы болатын. Ата-анасы ұлдарынан зор үміт күтіп, болашағыңа сеніммен қарайтын еді. Қанат үйінің жалғызы болса да ерке болып өспеді, оның бойындағы адалдық мінезі Жансаяға деген махаббаты дәлел бола алды. Бірде баласының бөлмесін жинастырып жүріп, ұлының Жансаямен бірге түскен фотосуретін көріп қалған анасы қуанғанынан әкесіне барып айтады. Кешкі дастархан басында баласына суретті көрсетіп мына қызды бізге қашан таныстырмақсын деп айтқанда баласының екі беті қызарып төмен қарап жымиып қойды.

-Алып кел балам, бізге таныстыр! Егер саған ұнаса құда түсіп, тойларыңды жасап береміз деп әкесі қуанышты лебін білдірді.

-Иә, балам алып кел, болашақ келінім болатындай жүзі жылы жақсы қыз көрінеді, маған ұнап қалды деп анасы да құрақ ұшып, әкесінің сөзін қостай кетті. 

Қанаттың жүзі мәз болып отырғанымен, іштей көңілі алабұртып отырды. Жансая жөнінде ашық айтқысы келгенімен еш батылы бармады, айтар болса қарсылық білдіретінін іштей сезіп, сондада "үмітсіз шайтан" деп алып келуге бел буды. Келесі күні таң атқаннан шапқылып, дастархан қамын жасап жүрген анасының қуанышында шек жоқ.Қуанбағанда қайтсін, жалғыз ұлының осы шаңыраққа келін әкеліп, менің де қолым ұзарып, немере сүйетін болдым-ау, деп жүрген қамкөл ананың баласының "мүгедек арбасында" отырған Жансаяны әкелгенде көңілі су сепкендей басылып қалды...

Бәрі дастархан басына жиналып отырғанда әкесі де анасы да ләм-мим деп ештеңе айтпады, тек Қанат қана әлдене айтқандай болып Жансаяның көңілін аулап отырды.Өзіңе деген ұнамсыз көзқарасын байқап отырған Жансая да артық ауыз сөз айта алмай отырды. Ұлдарын оңаша шақырып алған әкесі бұл қызыңа үзілді-кесілді қарсы болғанын айтып, одан бас тартып араларын үзуді талап етті. Анасы да өзінің келіні ретінде қабылдамайтынын айтып келіспеді. Біз сенің болашағыңнан үлкен үміт күтіп отырмыз, сенің мына қызға қосылып өмір бойы мүгедек арбасын сүйреп жүргеніне келісе алмаймыз, біздің немере сүйгіміз келеді, келін жұмсап соның қызығын көрудің орнына, мына ауру қызды әкеліп отырғанын қалай болды,-деп әкесі басын шайқады. Барлығын үнсіз тыңдап отырған Қанат ата-анасының сөзінен аттап кете алмайтынын сезді.Екі оттың ортасында қалған оған таңдау жасау қиынға соқса да, Жансаямен бірге бола алмайтынын, оған деген махаббатын құрбан етіп, ата-анасының сөзіне құлақ асты. Жансаяға бәрін айтып түсіндірмек болды алайда ол өзін жарты жолда тастап кетіп бара жатқан Қанатқа ренжіп кетіп қалды. Осылайша қос ғашықтың махаббаттарыңа бір сәтте балта шабылды...

 Арада ай өтті...күн өтті...

Күннен-күнге жүрегіңе түскен ауыр сағыныштан, сүйіктісін бір көруге зар болып жүрген Қанат бір күні Жансаяны іздеп жұмыс орнына келгенде, есігіңде тұрған қара құлыпты көріп көңілі түсіп кетті. Қанша іздеп талпынса да одан еш хабар ала алмай, таба алмай қиналды. Жансая да сол кеткенінен артыңа із қалдырмастан жоғалып кеткендей болды. Енді осының бәріңе кімді кінәлайды? Сенің болашақ тағдырыңның бақытты болғанын тілейміз деген ата-анасын ба? әлде махаббатын қорғап алуға жетпеген  өзінің қауқарсыз шарасыздығың ба? Жауабы жоқ сұрақтардан қажып кеткен ол енді бар ашуын, ешкімге айта алмай жүрген сағыныш сырың сырамен бөліспек болды...Күн өткен сайын ішімдік ішіп, дала кезіп жүрегінің жарасын жаза алмай сеңделді...

Бірде екеуі үнемі қыдыратын саябаққа барды. Үмітпен барды... Жансаяны осы жерден көрем деп сеніп келді. Көпшілік өткен адамдардың арасынан өзіңе таныс бейнені іздеп әлек болды. Қазір қасыңа келіп: мен ешқайда жоғалмадым жаным, осында сенің қасыңдамын деп келіп қалатындай болды. Кенет... 

Алыстан көзіңе бір қыз көрінді. Жаныңда кішкентай сәбиін жетектеп ойнатып жүрген қызға ұзақ қарап сүйсініп отырды. Артыңа жалт бұрылып қараған сәтіңде өзінің іздеп жүрген Жансаясы болып шықты. Өз көзіңе өзі сене алмады. Бір кезде "мүгедек арбасында" таңылып отырған қыз, бүгінде аяғыңа мініп жүріп жүрген сүйіктісі болғаны Қанатты есеңгіретіп жіберді. Өзіңе сыртай әлдекімнің қарап тұрғанын сезгендей, Жансая да артыңа бұрылып қараса қолыңда сырасы, үсті-басы тозып кеткен Қанат екен. Екеуі бір-біріңе ұзақ қарап тұрды.Жансаяның жаныңа жақындап барғысы келіп еді, арт жағынан ер азаматтың келіп сәбиін көтеріп, Жансаяны қолтықтап ұстаған күйде алып кетті.Сол сәтте сүйіктісінің артынан ұзақ қарап тұрған, Қанат көше бойымен аяғың әрең басқан күйде кете барды. Енді оның жүрегіңдегі ең соңғы үміт оты мәңгілікке сөнді...

 

Авторы: Айнұр Ертуған 



Бөлісу: