У тамып,кетті оқыста, сұм тілімнен,
Тіксініп, сенімен бірге түн түрілген.
Рауанмен, жұлдыз біткен сөніп жатты,
Бір жахұт,түсті үзіліп,кірпігіңнен!
Көқжиектен, алаулап,күн көрінген,
Садақтай екі қасың тең керілген.
Иығыңа ашщы жас тамып жатты,
Жанарыңнан бүлкілдеп, төңкерілген.
Жарылды ма шөлмегің,шыдай-шыдай?
Өкінемін,айтып салып,ылғи-ұдайы.
Көз жасыңа тұншығып,бара жатырмын,
Тілсіз неге тумадым, екен, құдай!?