10.07.2017 жылдың түскі уақытында,яғни 12.00-де Қапшағай көліне келген жас жігіт пен жас қыз суға ағып кетті. Бұл осы айдағы бірінші жағдай емес, осыдан бірнеше күн бұрын тағы да екі ағайынды суға ағып кетті.Мәліметке сүйенер болсам, жастары әлі 18-ге толмаған. Қайғылы жағдай әлі тоқтар емес. Арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген едім. Нәтижесінде,статистика бойынша үш айда Қапшағай қаласында 16-20 адамдай суға ағып кетеді. Бұл аз көрсеткіш емес. Жиырма өмір,жиырма тағдыр!
Демалушылардың суға ағып кететін себебі: суға түсудегі ережені сақтамайды. "Сақтансаң сақтайды" деген сөз бар. Құрметті, жаз айларында көлге барып демалуды жақсы көретін адамдар! Сіздерге айтарым, сақтанып жүріңіздер! "Тілсіз жау" деген осы болар! Абай болыңыздар!