Тіліміздің тағдыры қандай болмақ?

Филология факультетіне оқуға түскелі бері көшеде көретін жарнама қағаздарына көп мән беретін болыппын. Құдай - ау, әр 2 - ші жарнаманың қазақша нұсқасынан қате табуға болады. Таң қалдыратыны ҚАЗАҚ ТІЛІ мемлекеттік тіл бола тұра болып жатқан дүние ғой бұл. Қателер неге тап қазақ тіліндегі нұсқасында? Мысалы, өзіңіз орыс тілді жарнама қағаздардан қате көрдіңіз бе? Жеке өз басым көрген емеспін, барлығы тап - тұйнақтай, айна қатесіз жазылған. 

Бастапқыда, онша мән беріп қарамайтынмын, ал қазір зер салып жүргендіктен көп кездестіретін болдым. Қоғамдық көлікте, мекемелерде, дүкендерде ілулі тұратын жарнамалардағы қазақ сөздерінде не мағына ұйқаспайды, не жұрнақтары мен жалғаулары дұрыс емес, не жіңішке мен жуан дауыстылардың орны ауысқан. Енді әріп танып келе жатқан бүлдіршіндерге де теріс әсер беретіні сөзсіз. Себебі, олар сөздердің жазылуының дұрыс - бұрысын ажырата алмайды.

Болашақ тіл маманы ретінде ғана емес, мемлекеттік тілі - қазақ тілі болып табылатын Қазақстанның азаматшасы ретінде бұл жайт мені алаңдатады. Тіліміздің дамуына нұқсан келтіретін бұл ағаттықтан қалай құтыламыз, бұл жағдаймен қалай күресеміз? Сіздің ойыңыз қандай?



Бөлісу: