"Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады" (Ахмет Байтұрсынов)
Қазіргі кезде Қазақстандағы басты проблемалардың бірі - Мемлекеттік тіл. Өкінішке орай, Тәуелсіздігімізге 28 жыл болсадағы, тілдік проблема күні бүгінге дейін шешімін таппай келеді. Жүрегі "қазақ" деп соққан әр азамат тіл мәселесіне бей-жай қарамайтыны анық. Сондықтан көкейде "не себепті тіл мәселесі проблемаға айналды?", "қалай тілімізді көркейтеміз?", "тіліміздің дамуына қандай үлес қоса аламыз?", деген сұрақтар болуы керек. Өзіміз жауап беріп көрелік. Шынымен де неге тіл мәселесі әлі шешімін таппай, проблемаға айналды? Иә, біріншіден орыстардың отарында отырғанымыз себеп. Бүгінгі себеп ше? Біреу айтар, заң кінәлі деп. Алайда ҚР тіл туралы заңы - "Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі" деп айқындап берді. Осы жерден барлық сұраққа жауап шығады. Тілдің проблемаға айналу себебі - өзіміз. Заңымызда жазылып тұр, ешкім де қазақ тілінде сөйлеуге бөгет келтіре алмас. Өзімізбен өзіміз мемлекеттік тілде емес, ұлтаралық тілде сөйлейміз. Міне, проблемаға айналдыратын басты фактор осы. Ендігі кезекте тілді көркейту, тіліміздің дамуына үлес қосу. Әр біріміз өзімізден бастауымыз керек. Тек қазақша сөйлесейік, тек қазақша жазайық. "Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін" дегеннің орнына, "бәрі қазақша сөйлесін" деген ұран керек. Әрине, өзге ұлттардың арасынан наразылық танытатындар болуы әбден мүмкін. Оларға тек мына жайтты ұғындыру керек. Біз ұлттық қазақ тілін міндеттеп жүрген жоқпыз, біз мемлекеттік қазақ тілін міндеттеудеміз. Бәлкім жоғарыдағы ұстанымдар күллі қазақтың бойында бойласа, келешекте Қазақстандағы кез келген ұлт өкілі қазақша сөйлегенде, таң қалмайтын күнге жетерміз...